Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ә
Әзірбаев Кенен

Әзірбаев Кенен

Әзірбаев Кенен 19 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. Қазақ КСРнің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1956), Қазақ КСРнің халық ақыны (1961). Әнжырды әуелі атаанасынан үйренген. 11 жасында домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастайды («Бозторғай», «Көк шолақ»). 1916 жылғы халық азаттық қозғалысының үгітшісарбазы. «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан», «Бұлбұл» әндерін, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлап сарбаздарды күреске үндеген. Отан соғысы кезінде ел арасында мәдениүгіт бригадасын басқарып, халықтың қаһармандық ерлігін, жеңісін жырлайды. «Біз жеңеміз», «Майданға сәлем», «Сүйгенімай, күйгенімай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды.

Кененнің алғаш рет қазақ, қырғыз еліне бірдей танылып, ақын атануы «Көпшілік көрсін әнімді» әнінің тууымен тығыз байланысты. Қазан төңкерісіне дейінгі «Менің өмірім», «Құрдасыма», «Құрдасымның сөзі», «Қойымды Аянбайға кеттім қосып», «Көк шолақ», «Даяшылар», «Жеті қойды жоқтағаным», «Түйе» деген өлеңдерімен қатар, «Шәлипа қызбен айтысы», «Шөпке барғанда», «Құдалар» атты дастандарында өз заманының өзекті күйі суреттеледі. 1900–1905 жж. «Түйе тыныс», «Көпшілік көрсін әнімді», «Қызыл қайнар» тәрізді әнөлеңдерін шығарды.

К.Әзірбаев қырық шамалы ән мен күй шығарған. Соның ішінде, әсіресе, халыққа белгілі болғаны: «Бозторғай», «Көк шолақ», «БазарНазар», «Колхоз әні», «Жас екпін», «Елімнің ерке жастары», «Жеңіс жылғы шаттық ән», т.б. Туындылары әлденеше рет жинақ болып шықты. Олар: «Өлеңдер» (1947), «Әли батыр» (1949, 1951, қазақ, орыс тілінде), «Өлеңдер мен дастандар» (1952), «Әндер» (1955), «Өлең, дастан, ән текстері» (1961), «Өмірімнің әндері» (1961), «Шығармалар жинағы» (1967), «Аңыздар сыры» (1969), «Алатау шыңы» (1974). 1984 жылы 100 жылдық мерекесі өткізілді. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, даусым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Ол жайында деректі кинотелефильмдер түсірілді. Есімі Жамбыл облысындағы көшеге, кинотеатрға, қазақ орта мектебіне берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін К.Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалған. Туған ауылы орталығында мұражайүйі жұмыс істейді.

 

Бірнеше мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

 

Қайнар көз:  http://writers.kz

Көп оқылғандар