Карл Байпақов
Карл Молдахметұлы Байпақов (17.11.1940 жылы туылған, Алматы облысы Талғар қаласы) - тарих ғылымының докторы), профессор, Қазақстан Ғылым Академисының академигі және ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. Ленинград (1964, қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнологиялық институтында кіші (1966–1971), аға ғылым қызметкер (1971–1973), бөлім меңгерушісі (1973–1988), археологиялық бөлім жетешісі (1988–1991), институт директорының орынбасары (1991) қызметтерін атқарды. 1991 жылдан Археологияқ институтының директоры.
«Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ортағасырлық қала мәдениеті (VІ–ХVІІІ ғасырлар)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Қазақстанның ортағасырлық қалалары тарихын, қала мен дала арасындағы өзара байланысты зерттеп, ғылымда жаңа бағытты дамытты. Байпақов бірнеше халықар. конференцияларға қатысты (Дрезден, 1984; Вашингтон, 1986; Токио, 1988; Париж, 1992; Пекин, 1992). ЮНЕСКО ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық экспедициясына Қазақстан тарапынан жетекшілік етті (1991). ЮНЕСКО-ның Орт. Азия тарихымен айналысатын Халықар. ғылыми комитетті мен «Ұлы Жібек жолы» Қазақстан ұлттық комитетінің мүшесі. Байпақов 22 монография, 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы.Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986). «Парасат» орденімен марапатталған.
Көп оқылғандар
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Қазіргі қазақ поэзиясындағы өлең тасымалының қолданылуы
Лев Толстойдың күнделік жазбалары
«Інжу-маржан секілді...»
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
Мәдениет мәселелері талқыланды
Транспаренттік қазақ қоғамы және хрусталь адам
II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті
Олжас Қасым. Балалар әдебиеті – ұлт болашағы
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Ақ қыс – ақ арман
14 наурыз - жылдың басы!
Ғазиза Құдайберген. Кітап оқы деп айтпаңыздар...
Ретбек Мағаз. Таня
"Ұлағатты ұстазымыз еді..."
Сесар Айра. Пикассо
Ақынмен кездесу өтті
Сабыр Адай. «Амал» – алаштың тойы...
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ырғақ феномені
Бақыт гүлі