Әлпейісова Камал
Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы Қостанай облысының Амангелді ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі. Филология ғылымдарының кандидаты, жазушы, аудармашы. Елімізде ілеспе аударма жасауды меңгерген алғашқы аудармашылардың бірі, республикалық «Үздік аудармашы» конкурсының тұңғыш жеңімпазы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1956 жылы 10 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданының «Родник» совхозында туған. 1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепті бітірген. 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректор
1981 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында әдеби қызметкер.
1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген.
1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Редакциялық баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.
Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етуде.
Республикалық газетжурналдарда әңгіме, өлең, аудармалары жарияланып тұрады. «Қыз өссе, ұл есейсе» (1998), «Н.Қайыпова» (2003), «Жапырақтары жанымның» (2006), «Мағыналас мақалмәтелдердің, қанатты сөздердің қазақшаорысша және орысшақазақша сөздігі» (2006) атты кітаптардың авторы. Белгілі фольклорист ғалым, филология ғылымдарының докторы О.Нұрмағамбетовтың артында қалған еңбектерін жинақтап, «Өмір өрнектері» (2003) атты кітап етіп шығарған. «Шаңырақ» энциклопедиясының материалдарын аударуға атсалысқан. Мұғамила Әуезованың «Әкем туралы» атты кітапшасын, М.Асаубаеваның өмірбаяндық хикаятын орыс тіліне аударған. Сондайақ орыс тіліне Махамбет өлеңдерінің жолмажол аудармасын жасаған. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған «Әлемдік саясаттану антологиясында» грек ойшылдары Демокриттің, Аристотельдің, Платонның, Сократтың, батыс ойшылдары Бенедикт Спинозаның, Джон Локктың, Паскаль Блездің жекелеген еңбектерін аударған (2005).
Көп оқылғандар
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
«Інжу-маржан секілді...»
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Қазіргі қазақ поэзиясындағы өлең тасымалының қолданылуы
Лев Толстойдың күнделік жазбалары
Мәдениет мәселелері талқыланды
Транспаренттік қазақ қоғамы және хрусталь адам
II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті
Олжас Қасым. Балалар әдебиеті – ұлт болашағы
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Ақ қыс – ақ арман
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
14 наурыз - жылдың басы!
Ғазиза Құдайберген. Кітап оқы деп айтпаңыздар...
Ретбек Мағаз. Таня
"Ұлағатты ұстазымыз еді..."
Сесар Айра. Пикассо
Ақынмен кездесу өтті
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ырғақ феномені
Сабыр Адай. «Амал» – алаштың тойы...
Бақыт гүлі
Наурызға он күн демалсақ...