Гүлсамал Аймаханова
Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова (21.11.1961. Ақтөбе облысы Шалқар). 1979ж. орта мектепті, 1985ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Алға және Мұғалжар аудандық газеттерінде тілшіліктен бастап (1985-88), даңқты БатырӘ.Молдағұлова мұражайының ғылми қызметкері болды (1988-89).
Ақтөбе облыстық телерадиокомпаниясында редактор қызметін атқарды (1989-99). 40 жылдай тарихы бар облыстық радио жабылып, кейін баспасөздің түрлі саласында тер төкті. «Ақтөбе» энциклопедиясының ғылыми қызметкері болып, аймақ тарихының жинақталуына атсалысты (2001). Өңірде Дін-Исламның өркен жайып, Ұлттық құндылықтардың жаңғырып-түлеуінің жаршысы болып, өмірге келген тәуелсіз «Нұр-Дәулет» газетін ашуға атсалысып, Бас редакторы қызметін атқарды (2002-04).
2005 жылдан «AdvanceService» орталығында аудармашы, республикалық педагогикалық басылымдардың тілшісі болды. Қазір аударма ісімен айналысады.
Ең алғаш өлеңдері жас ақындардың «Мерейлі мекен» жинағына енгізілді (республикалық «Жалын» баспасы, 1992). Тұңғыш Жыр кітабы «Көкемарал» 2000ж. Алматыда «Отырар» баспасынан асылдың сынығы, көрнекті ғалым Е.Қ.Жұбановтың «Поэзия самалы тербеген жыр гүлдері» деген алғысөзімен жарық көрді. «Көкемарал» кітабын ақын Е.Дүйсенбайұлы «Жарық дүниеге құштарлық пен іңкәрлік жыры» (29.01.01) деп бағаласа, М.Құрманалин «Абыз ақын тілегін» (21.11.08) арнады. «Еңлікгүл» атты екінші Жыр жинағы 2008ж. республикалық «Сардар» баспасынан Қазақстанның Халық жазушысы Т.Молдағалиевтің «Жырың көрікті болсын!» деген батасымен шықты.
Есімі мен шығармалары: 2005ж. – Ақтөбе өңірінің «Жәдігер» әдеби Антологиясына, «Әлия-80» кітабына; 2009ж. – «Қазақ телевизиясы» және «Шалқар» Энциклопедияларына, «Қазақстан Жазушылары» Анықтамалығына, 2012ж. – «Шалқар ауданына – 80 жыл» кітабына, т.б. жинақтарға енгізілген.
2013 ж. Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер, аудармашы Гүлсамал Төрединқызы Аймаханова – мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқаны, елдің мәдениетін дамытудағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» белгісімен марапатталды.
Көп оқылғандар
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Сауытбек Абдрахманов. «Жадовскаядан»...
Сүйікті етші, сүйіктім
Ештеңе де мәңгілік емес
Ағыраптағы аты жоқ адам
Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында
Перформансқа толы транспаренттік қоғамдағы қайғының орны
Әбіш Кекілбаев. Қайсарлық
Кітаппен көмкерілген күн
Шыңжаңдағы алғашқы аудармашылар. С. Найманмен сұхбат
Дрина көпірі – Батыс пен Шығыс
VII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
Жәнібек Қожық. Маңғыстау - құтты мекен, тұнған тарих
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
Дулат Аюбаев. Өлең сүйер Шыңғыстаудың ұлы екем
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Серік Құлжахан.Қызыл сақал
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Мақсат Тәж-Мұрат. Әр адамның арылу күні болуы тиіс
«Інжу-маржан секілді...»
Мәлік Бердалиев. Ей, бауырым, өлеңімнің сырын ұқ...
Жәудір Нартай. Люданың хаты
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
Лев Толстойдың күнделік жазбалары