Ғалым Әріп
Ғалым Бисембіұлы ӘРІП 1960 жылы 1 наурызда Маңғыстау ауданының Шебір ауылында қызметші отбасында дүниеге келген. Ол осы ауданның Жыңғылды ауылындағы орта мектепті 1976 жылы бітірген соң, алғашқы еңбек жолын облыстық «Коммунистік жол» газетінде корректорлықтан бастады, әдеби қызметкер болды. 1977 жылы КазГУ-дің журналистика факультетіне күндізгі бөлімге түсіп, 1982 жылы тәмамдады. 1982-84 жылдарда Алматыда «Жалын» баспасында поэзия редакциясында кіші редактор, редактор қызметтерін атқарды. Редакторлық (баспагерлік ісі) курстан өткен.
1984-88 жылдар аралығында облыстық «Коммунистік жолда» тілші, секретариат қызметкері, жауапты хатшының орынбасары. 1988-90 жылдарда Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет сарайында нұсқаушы-методист.
1990-94 жылдарда қалалық-облыстық «Маңғыстау» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ал 1994 жылдан бас редактордың бірінші орынбасары болды, 2013 жылдан осы газеттің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыстық филиалының директоры.
«Жыл он екі ай», «Жақсы жұмыс», «Көңілді тоқсан», «Қарлығаш», «Абитуриент-77», «Мерейлі мекен», тағы басқа жинақтарға топтама өлеңдері енген.
Өзінің дербес «Жүрегімнің толқындары», «Асау жүрек», «Дүрия-дүние», «Асылдың сынығы», «Каспий трагедиясы», «Жұлдыз-ғұмыр», «Рух жанартауы», «Ақын арманы»(азабы), «Төрт толғау», «Томирис», «Қасиетті парыз», «Өмірді өлшеймін мен өз бағаммен», «Алматы ғазалдары» атты поэзиялық, прозалық, публицистикалық кітаптары жарық көрді. Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған «Жаңарған Ақкетік», Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған «Отты жылдар жаңғырығы» кітаптарының авторы. «Гармония» атты жыр жинағы ақын Р.Рябцовскаяның көркем аудармасымен (жолма-жол аударған қызы Раушан Әріп) орыс тілінде басылып шықты. Жазба ақындардың 1990 жылғы Алматыда өткен республикалық тұңғыш мүшәйрасына Маңғыстау облысынан бірден-бір қатысушы.
Ғ.Әріп журналистер мен ақындар арасындағы облыстық, республикалық бәйгілерде жеңімпаз, жүлдегер атанды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық конкурстың жүлдегері, Түркияның ғылыми және әдеби шығармалар иелері кәсіби ассоциациясы Алғыс хатының, Маңғыстау облысы әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы және 25 жылдығы құрметіне мерекелік медальдармен және ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері.
Көп оқылғандар
Сүйікті етші, сүйіктім
Ештеңе де мәңгілік емес
Ағыраптағы аты жоқ адам
Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында
Перформансқа толы транспаренттік қоғамдағы қайғының орны
Кітаппен көмкерілген күн
Шыңжаңдағы алғашқы аудармашылар. С. Найманмен сұхбат
Дрина көпірі – Батыс пен Шығыс
VII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
Жәнібек Қожық. Маңғыстау - құтты мекен, тұнған тарих
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
Дулат Аюбаев. Өлең сүйер Шыңғыстаудың ұлы екем
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Серік Құлжахан.Қызыл сақал
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Мақсат Тәж-Мұрат. Әр адамның арылу күні болуы тиіс
«Інжу-маржан секілді...»
Мәлік Бердалиев. Ей, бауырым, өлеңімнің сырын ұқ...
Жәудір Нартай. Люданың хаты
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
Сауытбек Абдрахманов. «Жадовскаядан»...