Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
М
Мыңбай Рәш

Мыңбай Рәш

Мыңбай Рәш 1930 жылы 19 қазанда Семей облысы, Шұбартау ауданының (қазіргі Аягөз) 10-ауылында туған.

Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, «Ара–Шмель» журналдарында бөлім меңгерушісі болған. Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеген. «Ғылым» баспасы бас редакторының орынбасары, «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып қызмет еткен.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1955 жылы «Алғашқы борозда» деген атпен жарыққа шықты.
Лирикалық, азаматтық өлеңмен бірге, көбінесе сатира жанрында еңбек етеді. Сықақтары, фельетондары мен мысалдары туысқан республикалар тілдеріне аударылған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған.

 

Шығармалары: Алғашқы борозда. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Терек пен тікенек. Сықақтар. А., ҚМКӘБ, 1958; Біле қойдым. Сықақтар. А., ҚМКӘБ, 1960; Қанатты қиял Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961; Суылдақ. Сықақтар. А., «Жазушы», 1965; Қисық айна. Сықақтар. А., «Жазушы», 1968; Бетің қисық болса… Фельетондар. А.,»Жазушы», 1969; Тоғыз жүз күн. Поэма. А., «Жазушы», 1970; Бастау. Поэма. А., «Жазушы», 1975; Ерлік дастаны. А., «Жазушы», 1978; Чубартауские изумруды. Поэма. «Жалын», 1978; Бес белес. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Шаттық шапағаты. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Суылдақ. Сатиралық шығармалар томдығы. А., «Қазақстан», 1989; Дәуір-дастан. Дастандар томдығы. А., «Жазушы», 1990; Тсс… тісіңнен шығарма. Сықақтар. А.,»Қазақстан», 1996; Киелі домбыра. Дастандар. А., «Елорда», 2000; Мен айтпай, сірә, кім айтар? «Елорда», 2005; Мұржа мұрын. А., «Атамұра», 2007; Кері тартқанды бері тарт. «Нұр-Астана», 2008.

 

 

 

 

Көп оқылғандар