Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Роллан Сейсенбаев

Роллан Сейсенбаев

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудиокітаптар
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Роллан Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Облыстық комсомол комитетінде істеген. Кейін М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған.

Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды. Пьесалары республикалық театр сахналарында қойылған.

Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысты.

Қазақстан комсомолы сыйлығының (1980), ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

 
Шығармалары: 
- Аңсау. Повесть. А., «Жазушы», 1975; 
- Өзімді іздеп жүрмін. Повесть. А., «Жалын», 1978; 
- Өмір сүргің келсе. Роман. А., «Жазушы», 1978; 
- Сағынып жеткен жаз еді. Повесть, әңгіме. А., «Жалын», 1981; 
- Последний снег. Рассказы. М., «Молодая гвардия», 1978; 
- Всего одна ночь. Повести, рассказы. М., «Советский писатель», 1980; 
- Если хочешь жить. Роман, повести. «Советский писатель», 1983; 
- Возвращение Казыбека. Повести, рассказы. А., «Жалын», 1984; 
- Тау басында түйіскен жол. Роман. Повесть. А., «Жазушы», 1986; 
- Трон сатаны. Роман. А. 1986.