Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Амангелді Кеңшілікұлы

Амангелді Кеңшілікұлы

Рейтинг: 2.500
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудиокітаптар
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Амангелді  Кеңшілікұлы 1968 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1992 жылы «Арыс» қорында, 1997 жылы «Санат» баспасында, Қазақ телерадиосы корпорациясында, 1999 жылдан Алматы қалалық мәдениет және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман, Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінің аударма бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. «Жұлдыз», «Парасат», «Таңшолпан» журналдарында, «Жас Алаш», «Егемен Қазақстан», «Өркен», «Алтын орда», «Қазақ әдебиеті» сияқты газеттерде әдебиет, саясат, әлеуметтік мәселелер туралы мақалалары, эсселері жарық көрген. 1999 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Президенті стипендиясының иегері. 2002 жылы әдебиет саласындағы «Сорос – Қазақстан» қорының грантын жеңіп алды. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005). Шығармалары: Ақ жауын. Әдеби сындар. Астана, «Елорда», 2001; Қарлығаш-дәурен. Әдеби-сын, публицистика, эсселер. А., «Қаламгер Тен», 2003.