Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
С
Сақып Керелбаев

Сақып Керелбаев

Сақып Керелбаев Бүркітбайұлы – 1947 жылы Маңғыстау ауданының Таушық ауылында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын, Алматы Жоғарғы партия мектебін, Ресейдің Плеханов атындағы Мемлекеттік академиясын бітірген – экономист, саясаттанушы, менеджер. Маңғыстау ауданындағы кеңшарларда аға есепші, бас экономист, Маңғышлақ облыстық партия комитетінде нұсқаушы, бірінші хатшының көмекшісі, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы және аудандық кеңес төрағасы, облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, «Маңғыстау» агрокомбинатының бас директоры, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы, облыс әкімінің бірінші орынбасары, «Аджип» ККО директорының кеңесшісі, «ОКК» ЖШС директорының кеңесшісі қызметтерін атқарған. «Құрмет» ордені мен 7 медальдің иегері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Маңғыстау облысының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған. Маңғыстау ауданының құрметті азаматы, запастағы полковник. ҚКП XV, XVI, XVII съездерінің делегаты, Гурьев және Маңғыстау облыстық кеңестерінің депутаты болып сайланған. «Бекет Ата асы шежіресі», «Маңғыстау», «Сұрасаң руымды – Дәулеталы», «Мың бояулы Маңғыстау» кітаптары авторларының бірі, «Түбектің танымал тұлғалары» атты кітабы жарық көрген.

 

Көп оқылғандар