Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Абылай Мауданов

Абылай Мауданов

Абылай Фазылханұлы Мауданов  -  1983 жылы 2 сәуірде, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Көкалат ауылында туған.

 

2000 жылы осы ауылдағы Албарбөгет орта мектебін бітіріп, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетінің сырттай бөліміне түскен. 2005 жылы аталған оқу орнын тәмамдап шықты.

 

«Арқалық хабары», облыстық «Қостанай таңы» газетінде тілші болып істеген. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасында редакторлық қызмет атқарды.

 

Бүгінде «24кз» телеарнасының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі.

 

Алғашқы туындысы 2001 жылы «Жас Алаш» газетінде жарық көрген. Өлеңнен бөлек, мақала, проза, сатиралық әңгімелері интернет, республикалық баспасөз беттерінде жарияланып жүр.  

 

2004 жылғы Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің әдебиет аталымы бойынша Гран-при иегері.

 

«Бір өлең, бір әлем» республикалық жазба ақындар мүшайрасының лауреаты. Өзге де республикалық жас ақындар мүшайрасында жүлделі орындарға ие болған.

 

Телебағдарламалары да жүлделі орындардан көрінген.

Көп оқылғандар