Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жұмагелді Нәжімеденов

Жұмагелді Нәжімеденов

Жұмагелді Нәжімеденов Атырау облысының Құрманғазы ауданы Қошалақ ауылында 1953 жылы дүниеге келді.

1976 жылы Атырау музыкалық колледжінің домбыра сыныбын, 1983 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны үздік бітірді.

1998 жылдан ғылыми жұмыспен айналысқан. 2003 жылы "Қазақ домбырасының музыкалық-акустикалық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын, 2010 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. Әртүрлі жинақтар мен журналдарда 180 ғылыми мақаласы жарық көрген.

Соңғы жылдары Қазақтың мәдени саясат және өнертану институтының акустика және музыкалық технология зертханасының меңгерушісі болып еңбек етті.

Жиырма кітаптың авторы. Халықтық музыканы ғылыми дәрежеге көтеруге аса зор үлес қосқан зерттеуші, профессор.

2012 жылдың 21 қазанында дүниеден озды.

Көп оқылғандар