Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы

Басты бет
Авторлар
Төреғали Тәшенов

Төреғали Тәшенов

Рейтинг: 2.667
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудиокітаптар
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Тәшенов Төреғали  Әліпұлы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Мәдениет қайраткері. 1962 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Абай атындағы  ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген. Топтама өлеңдері республикалық баспасөзде ең алғаш «Жалын» журналында 1987 жылы жарияланған. 1985 жылы Алматыда өткен республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты. Бірқатар республикалық мүшәйраларда үшінші, екінші жүлделі орындарды иеленген. 2011 жылы Косово Республикасында өткен Бүкіл түркі ақындары фестивалінің жеңімпазы. Жарияланған поэзиялық кітаптары: «Аққудың қауырсыны» (1997 жыл), «Жауратқан – жапырақтың көлеңкесі» (2008 жыл «Өнер» баспасы) және «Сарғалдақ»   (2009 жылы «Ауыл кітапханасы сериясымен «Қайнар» баспасынан жарық көрген).  Сондай-ақ  2011 жылы «Сана мен саясат» және 2012 жылы  «Тәуелсіздік талайы» атты публицистикалық жинақтары жарық көрген. Ақынның жекелеген өлеңдері түрік, румын, қарашай тілдеріне аударылған. Бірқатар өлеңдеріне ән жазылған.