Ақтамберді жырау
Ақтамберді жырау (1675-1768 ж.ж.) – Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түседі. Талай-талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді. Жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.
Жоңғар мемлекетін талқандап, Қазақстанның шығыс өңірін жау қолынан босатқаннан кейін, Ақтамберді жырау қазақтарды ежелгі ата-бабалары өмір сүрген қоныстарына орналастыруға белсене атсалысты.
Ақтамберді өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды ұйымдастырып, қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алады.
Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл-өсиет түрінде келеді. Олардан көшпелі қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мүдделерін білуге болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой -толғаулары өзгелерден биік туады. Ол жылқы малын «ер қанаты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді.
Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру болып табылады. Ол жоңғарлардың билігінде қалған қазақ далаларын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқыншыларын толығымен жеңуді армандайды. Көптеген өлеңдерде қазақ халқын жауға қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл соғыстар кезінде туындаған өлеңдері XVIIIғасырдағы қазақтардың жауынгерлік өр рухын дәріптейді.
Көп оқылғандар
Бозінгендей боздаған – Жамалхан Қарабатырқызының жоқтаулары
«Кітапхана. Кітап. Оқырман» атты кітап апталығы өтеді
Кітаппен көмкерілген күн
Дрина көпірі – Батыс пен Шығыс
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Әлихан Мақсұт атындағы робототехника орталығы ашылды
Әдеби мәтіндерді қалай және қандай деңгейде талдауға болады немесе бір мәтінді бірнеше түрде талдау мүмкін бе?
Ілияс Жансүгіров. "КҮЙШІ" поэмасы туралы бірер сөз
Жәнібек Қожық. Маңғыстау - құтты мекен, тұнған тарих
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
Дулат Аюбаев. Өлең сүйер Шыңғыстаудың ұлы екем
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Серік Құлжахан.Қызыл сақал
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Мақсат Тәж-Мұрат. Әр адамның арылу күні болуы тиіс
«Інжу-маржан секілді...»
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Мәлік Бердалиев. Ей, бауырым, өлеңімнің сырын ұқ...
Жәудір Нартай. Люданың хаты
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
Сауытбек Абдрахманов. «Жадовскаядан»...