Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қарауылбек Қазиев

Қарауылбек Қазиев

Қарауылбек Қазиев орта мектепті ауылда бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітіреді.Болашақ жазушы әуелі Жамбыл облыстық радио комитетінде жұмыс істейді.

КазҰУ-ды бітірген (1963). 1957-1958 жылдары ауылда жұмысшы, 1963-1965 жылдары Жамбыл облысы Радио к-тінде тілші, 1965 - 1967 жылдары Шымкент облысы Телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінде аға редактор, 1967 жылдан бас редактор болып қызмет еткен. 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақстан Облыстық радио камитетінің бас редакторы болып қызмет істеді.

Алғашқы әңгімелер жинағы Ақ бантик 1968 жылы жарық көрген. Иманжапырақ (1976), Үркер (1979), Кемпірқосақ (1984), Ақ шуақ (1988), Іңкар дүние т.б. Әңгімелер мен повестер жинағы, Оралу пьесасы (1972), ал орыс тілінде Подснежники, Утреняя роса кітаптарының авторы. Ақ шуақ шығармаларының толық жинағы 1988 жылы Басылып шыққан. Иманжапырақ повесі Қазақстан баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік к-ті, Жалын баспасы ұйымдастырған жабық бәйгесінің бірінші жүлдегері.

Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Жалынның» жабық конкурсында бірінші орынды иеленді. Оның бірқатар әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан.

Көп оқылғандар