Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жанайдар Мусин

Жанайдар Мусин

 

 

Жанайдар Мусин 1936 жылы 13 ақпанда Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қараөткел ауылында туған. 1955 жылы Көкшетау педагогикалық училищесін, 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

 
Еңбек жолын «Көкшетау правдасы» облыстық газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1963 жылы осы облыстың Еңбекшілер аудандық «Путь к коммунизму» – «Коммунизм жолы» газетінің жауапты хатшысы, 1965 жылы жаңадан ашылған Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газеті, ал 1968 жылы жаңадан құрылған Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газеті редакторларының орынбасары болған. 1971 жылы Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы қызметін атқарды. 
 
 
КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1973). «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
 
 
Шығармалары: Үміт. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Таң нұры. Очерктер. А., «Қазақстан», 1974; Қанат ұшқанда қатаяды. Очерктер. А., «Қайнар», 1976; Адам еңбегімен даңқты. Очерктер. А., «Қайнар», 1975; Ақ алаң. Роман. А., «Жазушы», 1977; Туған үйдің түтіні. Роман. А., «Жазушы», 1983.
1991 жылы дүниеден өтті.

Көп оқылғандар