Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Авторлар
Секен Тұрысбек

Секен Тұрысбек

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудиокітаптар
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

Секен Тұрысбек Кәрімұлы 1961 жылы 1 май күні қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының 1 Май ауылында дүниеге келген.

Семей қаласындағы М.Төлебаев атындағы музыка училищесінде Қ.Досымжанов класын тәмамдап, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын М.Әубәкіровтің жетекшілігімен бітірді.

«Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі және бөлім меңгерушісі, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері.

«Жазғы қар», «Көңіл толқыны», «Ақ жауын», «Бесік күйі»(«Балауса»), «Күлтегін», «Көк бөрі», «Дарабоз», «Ақжүніс», «Өкініш», «Боздақ», «Аруана»(«Шығыс жұлдызы»), «Мәлғаждар» күйлерінің және «Аққу сазы», «Ерке қусым», «Көктемім менің, көктемім», «Қоңыр қаз», «Шағала», «Мен бір жұмбақ адаммын», «Айхай заман», «Аяулы арман, дуние», «Қос жұлдызым», «Бауырым сонау, күн кайда?», «Анама», «Тарбағатай», «Қоңыр жел», «Қарлығашым», «Толғау», «Қызыма», «Жанымнан тәтті өмір», т.б. ән-күйлер мен романстардың авторы.

1985 жылғы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің XII дүниежүзілік фестивалінің, 1988 жылғы Қазақстан Комсомолы сыйлығының лауреаты. 1993 жылдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.