Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Авторлар
Есенгелді Сүйінов

Есенгелді Сүйінов

Рейтинг: 0.000
Өмірбаяны
Кітаптар
Аудиокітаптар
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол

1958 жылы 10 қаңтарда туған. Ақын, жазушы, журналист. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ресей Федерациясы Халықаралық Психология ғылымдары академиясының құрметті академигі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі.

 

Бірқатар облыстық, республикалық жыр сайыстарының жүлдегері. 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  Астана қаласында өткен  «Азаттық аясында» республикалық  «Мүшәйрасының» арнайы жүлдесін алған.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

 

Еңбек жолын  1975 жылы Көкшетау облысының Уәлиханов аудандық  «Шалқар» газетінде бастады. Зеренді аудандық «Коммунизм таңы» (кейіннен «Бірлік») газетінде тілші, Қазақ радиосының Қостанай облысындағы меншікті тілшісі болып жұмыс істеді. Республикалық  «Халық кеңесі», «Жас Алаш» газеттерінде еңбек етті. Облыстық  «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, республикалық  «Жаңа Сарыарқа» журналы  бас редакторының орынбасары болды. Қазір  «Есіл» республикалық газетінің бас редакторы.

 

«Күңгіртау құпиясы», «Мақпалды күндер», «Менің елім, менің жерім», «Арайлы таң» кітаптарының авторы. Биыл Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан  «Тербеген теңіз әлдиі» кітабы шықты.