Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ш
Шарль Перро

Шарль Перро

Шарль Перро (фр. Charles Perrault; 12 қаңтар 1628 жыл, Париж – 16 мамыр 1703 жыл, Париж) – француз ақыны және классицизм кезеңінің сыншысы, «Ана қаздың ертегілері» атты шығармасымен танымал. 1671 жылы Француз Академиясының мүшесі болады. 1697 жылы «Ана қаздың ертегілері» атты ертегілер жинағы жарық көреді. Жинақ 9 ертегіден тұрады: «Етік киген мысық», «Қызыл телпекті қыз», «Рике-Хохолок», «Ұйқыдағы ару», «Золушка», «Перінің сыйлықтары», «Есектің терісі», «Мальчик-с-пальчик» және «Синяя Борода». Оның ертегілерінің желісіне опера және балеттер қойылған (Дж. Россинидің «Золушка» операсы, П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», С.С. Прокофьевтің «Золушка» секілді балеттері).

Көп оқылғандар