Кеңшілік Мырзабеков
Кеңшілік Ағытайұлы Мырзабеков (06.06.1946, Қостанай облысы Жангелдин ауданы Жәнібек Тархан ауылы – 30.01. 1989, Алматы) – ақын. ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1976).
1966 – 89 жылы Қостанай облысы “Коммунизм таңы” (қазіргі “Қостанай таңы”), “Лениншіл Жас” (қазіргі “Жас Алаш”), Алматы облысы “Жетісу”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде, “Жазушы” баспасында, “Мәдениет және тұрмыс” (қазіргі “Парасат”) журналында қызмет атқарды. Ақынның алғашқы жинағы “Іңкәр дүние” 1972 жылы баспадан шықты. Оның “Сәруар” (1980), “Революция перзенттері” (1980), “Қасиетті қас қағым” (1985), “Дәуір – дастан” (1988), “Ауыл мен астана” (1994) атты өлеңдер жинағы жарық көрген. Ақын өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік пен өмірге іңкәрлік, лирика сан түрлі толғаныстар басым. “Балалық шақ балладалары” атты жыр жинағы зерттеушілер тарапынан жоғары бағаланды (1987). Ол Е.Евтушенконың “Менің шешем және нейтрон бомбасы”, “Фуку” атты поэмаларын қазақ тіліне аударды (1989). Сондай-ақ ақынның “Іңкәр дүние” (1990), “Бір мысқал” (1996), “Жолға салдым көшімді (2002), “Менің мұңым – махаббат” (2003) атты жыр жинақтары мен “Тың туралы толғау” (1987) секілді мақалалар, очерктер жинағы бар. Мырзабеков жайында “Қайран Кеңшілік!” атты естелік кітап жарыққа шықты (1996).
Көп оқылғандар
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
«Інжу-маржан секілді...»
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Қазіргі қазақ поэзиясындағы өлең тасымалының қолданылуы
Мәдениет мәселелері талқыланды
Транспаренттік қазақ қоғамы және хрусталь адам
II Республикалық «Шәкәрім оқулары» мәреге жетті
Лев Толстойдың күнделік жазбалары
Олжас Қасым. Балалар әдебиеті – ұлт болашағы
Өмірден кім өткенін білесіз бе?
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Ақ қыс – ақ арман
14 наурыз - жылдың басы!
Ғазиза Құдайберген. Кітап оқы деп айтпаңыздар...
Ретбек Мағаз. Таня
"Ұлағатты ұстазымыз еді..."
Сесар Айра. Пикассо
Ақынмен кездесу өтті
Сабыр Адай. «Амал» – алаштың тойы...
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ырғақ феномені
Бақыт гүлі