Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Айгүл Аханбайқызы

Айгүл Аханбайқызы

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданы, Ойтоған ауылында туған. 

1979 жылы сондағы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектептің табалдырығын аттады. 1989 жылы Алматы қаласындағы Ғабит Мүсіропов атындағы №86 қазақ орта мектебін тәмамдады. 

1990-95 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, республикалық басылымдардағы қызметін бастады. Студент кезінен Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол, кейін «Жас алаш» республикалық қоғамдық-саяси газетінде, «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Халық сөзі» газеттерінде бөлім редакторы, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 

Қазір М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрында баспасөз қызметінің менеджері. «Оқырман күткен әңгіме» атты кітаптың авторы.

Көп оқылғандар