Әлдихан Қалдыбаев
Әлдихан Қалдыбаев (1939-2015)
1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында туған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976–1995 жж. облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Көк дөңгелек» (1962), «Қос тентек» (1964), «Су тасушы Әшірбек» (1969), «Байнаш солдат» (1969), «Шаншар атай» (1970), «Мишка – менің досым» (1973), «Өзен жағасында» (1975), «Солдат болу оңай ма?» (1975), «Менің ағам – солдат» (1980), «Көк дөңгелек» (1985), «Автобус аялдамасы» (1990) кітаптарының авторы. 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары, 2002 жылы «Мен – апамның баласымын» атты романы, 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары, 2008–2009 жылдары төрт томдық шығармалары, 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген. Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған. «Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды.
«Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедиясы қойылған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
Сүйікті етші, сүйіктім
Ештеңе де мәңгілік емес
Ағыраптағы аты жоқ адам
Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында
Перформансқа толы транспаренттік қоғамдағы қайғының орны
Кітаппен көмкерілген күн
Дрина көпірі – Батыс пен Шығыс
Шыңжаңдағы алғашқы аудармашылар. С. Найманмен сұхбат
VII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды
Жәнібек Қожық. Маңғыстау - құтты мекен, тұнған тарих
Жәнібек Қожық. Маңғыстаудың өзге өңірлерден ерекшелігі көп...
Дулат Аюбаев. Өлең сүйер Шыңғыстаудың ұлы екем
Максималар мен қоғамдық ойлар...
Серік Құлжахан.Қызыл сақал
Бекен Қалымбекұлы. Доңыз қырған жыл
Мақсат Тәж-Мұрат. Әр адамның арылу күні болуы тиіс
«Інжу-маржан секілді...»
Мәлік Бердалиев. Ей, бауырым, өлеңімнің сырын ұқ...
Жәудір Нартай. Люданың хаты
Думан Рамазан. Алланың әмірі
Перформансқа толы қазақ қоғамын обьективті оқу
«Атамекеннің» «Ақ кемесі»
Айнаш Қасым. Иранның екі ғасыр бойына ұлттық тәуелсіздігінен ажырап қалған кезі болды...
Сауытбек Абдрахманов. «Жадовскаядан»...