Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Р
Рафаэль Ниязбек

Рафаэль Ниязбек

Рафаэль Ниязбеков (1943-2021) - 24 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Амангелді (қазіргі Тамабек) ауылында туған.

«Келер күндер», «Қаратау мен Алатау», «Жалын кешкен», «Жер жанары», «Өркен», «Темірқазық», «Биіктей  бер, тауларым!», «Бәйтеректер жел өтінде тұрады», «Тыңда мені, замана!», «Шешендер», «Ичкерия» (орыс тілінде), «Жетіген», «Қан қасап», «Қыдыр ғұмыр», «Нұрлы таң», «Тамұқ отына   жанбаған», «Жүрегімде – ғасырлардың салмағы», «Махамбет майданы», «Айбозым менің», «Жібек жолы», «Қағанат», «Гүлжан», «Шығармалар жинағы» (бір томдығы), «Күркіреп өткен күндерім»,  «Туған   елдің   аспаны», «Құлагердің құлыны», «Кемеңгер», «Аттан түспеген азамат», «Армысың, ару дүние!», «Біз осындай елміз» (түрік тілінде) жыр кітаптары, «Қызыл үй», «Тас құдай», «Тауқымет» романдары және «Отағасы», «Қызғыш кұс», «Қаңтар», «Хозяин очага» (орыс тілінде) повестері, «ҚазАқпарат» баспасынан шығармалар жинағының 9 томдығы, барлығы 51 кітабы жарық көрген. Дінмүхамед Ахметұлы Қонаев хақында өлең-роман жазған.

Шығармалары орыс, украин, чешен, түрік тілдеріне аударылған.

М.Румянцеваның, А.Чепуровтың, Қ.Құлиевтың, Д.Кугильтиновтың, К.Туйорскийдің және басқа да ақындардың өлеңдерін тәржімалаған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Д.А.Қонаев атындағы университеттің Құрметті профессоры. Д.Қонаев орденінің иегері.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

«Шешендер» жинағы үшін авторға Чешен Республикасының ең жоғары Мемлекеттік «Ұлт намысы» ордені беріліп, Чешенстан Мемлекеттік сыйлығы қоса тапсырылған. Чешен- станның халық батыры.

Ресей Жазушылар одағының Сергей Есенин алтын медалімен марапатталған. «Түркі әлеміне қызметі үшін» халықаралық сыйлықтың және Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерекелік медалінің иегері, бірнеше жыр мүшәйраларының бас жүлдегері болған.

Көп оқылғандар