Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
И
Ибрагим Исаев

Ибрагим Исаев

Ибрагим Исаев (1949 – 2014) 7 қаңтарда Қызылорда облысы Сырдария ауданының Жетікөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Сырдария аудандық газетінде әдеби қызметкер, Қызылорда облыстық халық творчествосы үйінде нұсқаушы-әдіскер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында тілші-әдіскер, «Ара» журналында фельетоншы, «Жалын» альманахында редактор, «Сахна-сцена» журналында бас редактор, «Сақшы – На страже» газетінде, «Арай» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген.

Өлеңдері  бірқатар шет  ел тілдеріне аударылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы. «Ән-аға» атты ән альбомы шыққан.

Коми ақыны И.Куратов, орыс ақыны Н.Рубцов өлеңдерін қазақша сөйлеткен.

«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Алтын сырға. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Таң алдындағы ән. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1976; Тербеледі қайыңдар.  Өлеңдер мен баллада. А., «Жалын», 1981; Жанымның жарығы. Өлеңдер мен баллада. А., «Жазушы», 1983.

Көп оқылғандар