Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Д
Дархан Қыдырәлі

Дархан Қыдырәлі

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі - 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992 ж) және Түркияның Мармара (1992-1996 ж), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998 ж), Ыстамбұл (1998-2001 ж) университеттерінде білім алған. Эгей унивреситетінде диссертация қорғаған (1998). Ыстамбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін иеленген (2001 ж.). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010 ж). Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Қырғызстандағы Ош университетінің құрметті профессоры. Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2016 ж), Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының Құрметті докторы (2017). Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі (2022).

 

Еңбек жолы:

2001-2005 ж. - Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер.

2005-2006 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер.

2006-2007 ж. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары.

2007-2008 ж. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі ретінде қызмет атқарған.

2009-2012 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болған.

2012 -2014 жылдары Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап Халықаралық түркі академиясының президенті.

2015 жылғы 29 маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы Хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы.

2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде "Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі" атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде "2030 Жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия" атты халықаралық симпозиумды, және 2018 жылы "Рухани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан келешекке түркі тілі" халықаралық мәдени шараларын ұйымдастырды.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

2018 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Түркі академиясының президенті лауазымына екінші мерізімге тағайындалды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

 

Қоғамдық қызметі: 

Amanat партиясы жанындағы Miras республикалық қоғамдық кеңесі Төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия мүшесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Қазақстан жазушылар одағының басқарма мүшесі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесі мүшесі

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшесі

 

Ғылыми еңбектері: 

Мұстафа Шоқай. Анкара, 2001 ж.,

Тараз тарихы. Тараз, 2005 ж.,

Түрік халықтары әдебиеті тарихы, (ұжымдық жинақ) Түркістан, 2005 ж.,

Тарпаңды таңдап міндім тағалап. Тараз, 2005 ж.,

Жүрегіне қаламын сүйеген. Астана, 2007 ж.,

Мұстафа Шоқай, Астана, 2007 ж.,

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Ұлық Түркістан. Астана, 2008.,

Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Тұтас Түркістан идеясы. Астана, 2008.,

Ұлық Түркістан, Астана, 2008.,

Атымды адам қойған соң... Астана, 2008 ж.,

Жерұйық. Астана, 2009 ж.

Әлемдік тұлға. Астана, 2010 ж.

Мұстафа. Астана, 2012 ж.

«Мәңгі тас», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2015 ж.

«Ұлы дала тарихы», Алматы, «Ғылым» баспасы, 2018 ж.

«Ортақ түрік тарихы» (8 сынып), Баку, Нұр-Сұлтан, 2019 ж.

 

МАРАПАТТАРЫ: 

Қазақстан

Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.).

ҚР Президентінің алғыс хаты (2010 ж.)

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл (2011 ж.)

Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықпен марапатталған (2014 ж.).

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.).

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды (2017)

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 25 жыл» (2017)

Түлкібас ауданының құрметті азаматы (2018)

Астана қаласының 20 жылдық мерекелік медалі (2018)

«Парасат» ордені (2018)

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бiрлiк» алтын медалi (2019)

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2019)

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы (2020)

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020)

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2022)

 

Халықаралық:

Түркі дүниесінің "Қызыл алма" сыйлығының иегері (2015 ж.)

"Түркі әлеміне қызмет" сыйлығымен марапатталды (2015 ж.)

"Жаңа Түркия" Стратегиялық зерттеулер орталығы тағайындаған "Түркі тарихы және мәдениетіне қызмет" Алтын медалін алған (2015 ж.)

ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі (2016 ж.)

Халықаралық «Жібек жолы» стратегиялық зерттеу орталығы мен "Жібек жолы" журналы тарапынан тағайындалған халықаралық «Жыл адамы» марапатының иегері (2017 ж.)

Венгрияның «Офицерлік крест» орденімен марапатталды (2017).

Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды (2018).

Моңғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды (2021)

Қырғызстанның «Даңқ» медалімен марапатталды (2022)

Көп оқылғандар