Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Арнайы жобалар
Ауылым алтын тұғырым

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн-конкурсы

«АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өтетін ауыл тақырыбына арналған қаламгерлер арасындағы «Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсы туралы

 

ЕРЕЖЕ

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

 

1. Конкурс «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» бірлесіп ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.

 

Ұйымдастыру комитеті:

 

Конкурсты өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Әдебиет порталында» жариялайды;

Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды электронды түрде қабылдайды;

Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;

«АУЫЛ» партиясы конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.

 

Конкурстың мақсаты:

 

Жас талапкерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді суреттеу;

Ауыл құндылықтарын насихаттау;

Жас қаламгерлер, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту;

 

Конкурстың шарттары:

 

  • Конкурсқа қатысу үшін жасы 14 пен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады;
  • «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия» аталымына шығарма ұсынатын қаламгерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
  • Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген «Шығарманы енгізу» батырмасы арқылы орналастыра алады;
  • Әрбір қатысушының жеке парақшасында жариялаған еңбектеріне жұлдызшалар арқылы дауыс беріледі. Әр номинация бойынша комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Конкурсқа қатысу үшін шығармалар онлайн түрде «Әдебиет порталында» 2017 жылғы 1 қазанға дейін жіберілуі тиіс;
  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;
  • Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;
  • Ұсынылған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы шарт;
  • Үміткер конкурсқа ұсынатын еңбегін порталда онлайн түрде жариялай алады, техникалық ақаулар болған жағдайда +7 775 126 34 46 нөміріне хабарласуға болады;
  • Жүлде қорын «Ауыл» партиясы өз міндетіне алады.

 

Номинациялар бойынша төмендегідей жүлде қоры тағайындалады:

 

«АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:

 

Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасында таңдалып алынады;

 

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть):

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 

Арнайы жүлделер:

Қосымша 10 үздік қаламгерге 100 мың теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.

 

7. Комиссия құрамы:

 

1. Комиссия құрамы 9 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;

2. Конкурс өтінімдерін іріктеу жөніндегі комиссия құрамы «Әдебиет порталы» жанынан құрылған «Бас алқа» клубы мен «АУЫЛ» партиясы жасақтаған шығармашылық клубтар мүшелерімен келісіліп бекітілді.

 

Жеңімпаздарды марапаттау:

 

Конкурс қорытындысы 2017 жылы 1 қазанда шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2017 жылы 11 желтоқсанда өткізіледі. Салтанатты шараның өткізілетін орны қосымша хабарланады.

Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150).

 

«Ауыл» партиясы өзге өңірлерден келетін әділқазылар алқасы мүшелерінің жол шығынын өз мойнына алады.

ары қарай оқу