Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Санжар Асфендиаров 4-том
Санжар Асфендиаров 4-том
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7317-86-7
Беттер саны:
408
Жанр:
Санжар Асфендиаров 4-том
Қазақ халқының ардақты азаматы, ірі қоғам және мемлекет қайраткері профессор С. Асфендиаровтың шығармалар жинағының соңғы төртінші томы екі үлкен бөлімнен тұрады. «Ғалым мұрасы» деп аталын бірінші бөлімге С. Асфендиаровтың қаламынан шыққан соңғы монографиялық зерттеу еңбегі – «Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане» атты кітабы кірді. Аталған еңбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жиырма жылдық мерейтойына орайластырылып 1936 жылы алдымен орыс тілінде, артынан қазақ тілінде баспадан жарық көрді. Төртінші томның «Ғалым туралы зерттеулер» деп аталатын екінші бөліміне құрастырушылар С. Асфендиаровтың өмірі мен қызметіне қатысты арналып жазылған ғылыми мақалаларды қосуды жөн деп тапқан. Өйткені шығармалар жинағының соңғы томында оқырман қауым ғалым-тарихшылардың зерттеулерімен танысу арқылы С. Асфендиаровтың ұлт бостандығы үшін күреске толы өмірі, сан-салалы қызметі, қайраткердің тұлғалық келбеті туралы жан-жақты әрі мол мәлімет ала алады.
Кітап Отан тарихын зерттеуші тарихшыларға, саясаттанушылар мен әдебиетшілерге, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына, С. Асфендиаровтың бай ғылыми-шығармашылық мұрасымен танысуға ынта танытқан барша оқырман қауымға арналған.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар