Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Біртуар: Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер
Біртуар: Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер
Рейтинг: 3
ISBN:
978-9965-09-762-1
Беттер саны:
288
Жанр:
Естелік
Біртуар: Академик Евней Бөкетов туралы естеліктер
Бұл кітапта даңқты ғалым, жүйрік ойлы жазушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, ірі қоғам қайраткері Евней Арыстанұлы Бөкетов туралы естеліктер жинақталған. Олардың көпшілігін Евекеңмен қызметтес болған ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, біразын азаматты көрген, тілдескен, адамдар жазған. Олар дарынды тұлғаның толассыз ізденістері, тұңғиық терең толғаныстары жайлы сөз қозғап, зерделерінде сақталған сəттерді жаңғырта отырып, аса биік құрметпен еске алады.

Бұл кітап тек өз мамандығының ғана емес, бүкіл ғылымның досы, қорғаушысы бола білген академик Евней Бөкетовтің ғалымдық, шығармашылық, қоғамдық, ұйымдастырушылық еңбегін, зор талантын, адамгершілік рухани келбетін, қасиеттерін көпшілік қауымға танытары сөзсіз.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар