Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Ғабит Мүсiрепов туралы естелiктер
Ғабит Мүсiрепов туралы естелiктер
Рейтинг: 3
ISBN:
978-601-7401-01-6
Беттер саны:
704
Ғабит Мүсiрепов туралы естелiктер

Өмiрiмен де, еңбегiмен де туған халқының iлтипатына бөленiп, оның сүйiктiсiне айналатын ұлдары болады. Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсiрепов, Ғабиден Мұстафин осындай ұлы тұлғалар болды. Олардың жазушылық өнерiн қазақ халқы ғана емес, бүкiл әлем мойындап, шығармалары көптеген шет тiлдерде басылды. ХХ ғ. қазақ әдебиетiнiң абыройын асырып, мәртебесiн биiктеткен классиктердiң бiрi, көркем сөздiң ұстасы, тапқырлық пен шешендiктiң нұсқасы, дарқан дарын, академик-жазушы, Социалистiк Еңбек Ерi Ғабит Махмұтұлы Мүсiрепов еді. Кiтапта ұлы сөз зергерi, халқымыздың алыптар тобындағы ақиықтарының бiрi – Ғабит Мүсiрепов туралы ұлы тұлғалардың, ақын-жазушылардың, сыншылардың, ғалымдардың, тума-туыстарының естелiктерi берiлген. Құрастырушы Мемлекеттік мұрағаттағы Ғ.Мүсіреповтің жеке қоры мен оның мұражайында сақталған және жеке адамдардан жинастырылған сирек фото деректерді де кеңінен пайдаланған.

Кiтап көпшiлiк оқырманға арналған.

Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар