Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Тау мен дала
Тау мен дала
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-7130-70-1
Беттер саны:
360
Жанр:
Тау мен дала
Қазіргі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен көрініп, әдебиет әлемінде соны соқпағын бедерлеп үлгерген жазушы Жұмабай Шаштайұлының екі томдық таңдамалы шығармалар жина ғына кезінде оқырмандар тарапынан жоғары бағаланған туындылары енгізілді. Қолдарыңызға тиіп отырған бірінші томға кітаптың аты айтып тұрғандай ауыл адамдарының өмірінен сыр шертетін «Тау мен дала» хикаялары топтастырылды.

Автор күнделікті өмірде болып жатқан кез-келген қара пайым уақиғалардың астарынан психологиялық сыр суыртпақтайды, көпшілігіміздің назарына іліге бермейтін тарыдай тағдырдың таудай трагедиясын алдыңызға күлбілтелемей, суреткерлік шеберлікпен жайып салады. Адамдар жан дүниесіндегі толассыз тауқымет тер мен күллі құпияларын қойнауына бүккен табиғаттың тылсым сырлары Ж. Шаштайұлының әңгімелері мен хикаяттарында нәзік шеберлікпен астастырыла, жіктестіріле баяндалады. Қаламгер дің қай шығармасына да тереңдеп үңілсеңіз кешегі қазақ әдебиеті классиктерінің болашаққа жалғанған ізінің үзілмегеніне, сәтті жалғанғанына көзіңіз жетеді. Жазушы шығармалары қай заманда да еш жоғалмайтын адамгершілік деген ұлы қасиеттің туын асқақ желбірете алғандығымен де бағалы.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар