Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан 2-том
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан 2-том
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-302-039-6
Беттер саны:
432
Жанр:
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан 2-том
Белгілі сәулетші және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан көп қырлы таланты мен мінезінің, қайталанбас қасиеттерінің арқасында халық үшін әйгілі тұлғаға айналды. 
 
Ш. Ы. Уәлиханның қызығушылықтары мен қызмет салалары алуан түрлі және кең ауқымды. Ол керемет сәулетші, көптеген архитектуралық құрылыстар мен монументтердің авторы ғана емес, сонымен бірге өлеңдер мен пьесалардың, сәулет пен өнер туралы бірқатар ғылыми еңбектердің, Қазақстан сәулеті, өнері, тарихы мен мәдениеті туралы жүздеген қызықты сараптама мақалаларының да авторы. 
 
Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан — өмірдегі өз орнын, жолын тапқан бақытты адам, оның басты кредосы: «Өмірде жаңа нәрсені жасау — асқан бақыт...» Көрнекті суретші, отанын сүйген патриот, тамаша адам Ш. Ы. Уәлиханның жан-жақты және көп қырлы шығармашылығы — әркімнің көңілінде жанды ізін қалдырар отандық мәдениеттің құндылығы. 
 
Бұл басылымға енген Ш. Ы. Уәлиханның ең қызықты мақалалары, жазбалары мен баяндамалары оның шығармашылығына бас иетіндер үшін ғана емес, қалың оқырманға қызықты болады деген сенімдеміз.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар