Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Болмыс
Рейтинг: 4.5
ISBN:
Беттер саны:
173
Жанр:
Болмыс

Сөз – ұғым, ұғым – таным. Танымның болмысқа тікелей әсер етуші фактор екенін алға тартсақ, бір ұлттың болмысын оның сөзі арқылы тануға болатынын аңғарамыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз», - дейді. Бұл еңбекте автор аса күрделі қоғамдық жүйемен күреске түскен адам табиғатын, ұлт болмысын терең түйсініп, айшықты сомдаған жазушы-драматург Әкім Тарази прозасындағы кейіпкерлер бейнесін мақал-мәтелдерімізде айтылатын қазақ болмысымен салыстыра зерттейді.
Ұрпақтың өз ұлтын тануына, сол арқылы өзін тануына септігін тигізер бұл еңбек шығармалары зерттеу обьектісіне алынған жазушы тарапынан да жоғары бағаланып отыр. Оқырман көңілінен шығады деп сенеміз.
Кітап әдебиетші қауымға және көпшілік оқырманға арналған.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар