Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Асыл сөз
Рейтинг: 4
ISBN:
978-9965-822-97-1
Беттер саны:
336
Асыл сөз
Ақын, прозашы Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» атты көркем шығармалар (роман, әңгімелер, көркем аудармалар, өлеңдер) жинағы қазақ әдебиетінің XXI ғасырдағы жаңа туындыларының қатарына жатқызуға болады. Мәселен, «Қараөзек» романы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының кейбір сәттерін шынайы көрсетіп қана қоймайды, сондай-ақ XX ғасырдың соңғы жылдарындағы қазақ қоғамындағы өзгерістерді, қазақ жастарының жаңа экономикалық қоғамдағы тыныс-тіршілігін шебер суреттейді. Қазақ поэзиясына XX ғасырдың 80-жылдарының соңында келген Нұржан Қуантайұлы – поэзияда да өзіндік үнімен танылған лирик ақын. Қазақтың көрнекті ақыны Қуандық Шаңғытбаев оның алғашқы өлеңдерін оқып «тілі көркем, лирикасы сыршыл осынау жас ақынның жазғаны елең еткізгені рас, ал келешекте кемел ақын болатынына күмән жоқ» деп баға берген болатын. Одан беріде жиырма бес жылдың ішінде өзіне тән лирикалы өлеңдерді дүниеге әкелген Нұржанның поэзиясы әдебиет сьшшылары тарапынан да, оқырмандар тарапынан да жоғары баға алып отыр.

«Асыл сөз» атты жинаққа енген лирикалы өлеңдері оның аса биік көркемдік дәрежеге көтерілген ақын екенін айғақтайды.

Көп оқылғандар