Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Біртуар Бөкетов. Ғұмырнама роман.
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Біртуар Бөкетов. Ғұмырнама роман.
Рейтинг: 0
ISBN:
Беттер саны:
0
Жанр:
Медеу Сәрсекенің шығармалары. Біртуар Бөкетов. Ғұмырнама роман.
ҚР ҰҒА-ның академигi Ебiней Арыстанұлы БӨКЕТОВ – қысқа ғұмырында химиялық элементтер кестесiнiң халькогендер тобын егжей-тегжей зерттеп, дара мектеп түзеген ғалым. Сонымен бірге ол ұлағатты ұстаз, қаламы қарымды жазушы, әдебиет сыншысы, шынайы ақын һәм шебер аудармашы, солардың бәрінде де айшықты бедерi бар дарын иесі. Осыншама ұлан-ғайыр істерімен танылған ғұлама тұлға, амал қанша, ортамызда тірі жүрген кезінде лайықты бағасын алған жоқ. Бүгінгі дабыра құрметке ол өмірден қайтқан соң ғана көп жылдан кейін ие болды.
 
Студент кезiнде ғалымнан дәрiс тыңдап тағылым алған, оның ұлағатты да шерменді өмiрiне куә болған белгiлi жазушы Медеу Сәрсеке халқымыз дара туған ғалымның ғұмыр жолын өзіне мәлім деректер мен алуан оқиғаларды қайыра жаңғырту арқылы тартымды желіде өрбiтедi, ғұмырнама ерекше шыншылдығымен дараланады.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар