Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Өмiр – сынақ
Өмiр – сынақ
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-212-056-1
Беттер саны:
456
Өмiр – сынақ

Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, аға жазушымыз Оразбек Сәрсенбайдың бұл кiтабын да бұрынғыша оның соңғы он-он бес жылдардан берi қалам тартып жүрген, өмiр-болмыстың, өнер-тұрмыстың әр саласындағы гуманистiк, философиялық тақырыптардың жалғасы ретiнде қарастыруға болады.

Жинаққа енген сан тарау тақырыптардың мазмұны әр алуан, жанрлықтүрлiк сипаттары жағынан рисалалар, естелiктер, мақалалар деп жiктеуге келедi. Мәселен, «Жазмышта жазық жоқ», «Мүнәфықтар партиясы» атты рисалаларда жазушы әдеби-көркемдiк тәсiлдерi мүлдем тосын көрiнетiн, бiрақ оқырман үшiн ұғымды, ой-зердеге жұғымды тiлмен адам өмiрiндегi, қоғам өмiрiндегi күрделi құбылыстардың сыр-сипаттарын ашуға тырысады. Ал Мұхтар Әуезов, Тахауи Ахтанов, Әбдiжәмiл Нұрпейiсов, Бердiбек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжiмеденов, Жүсiп Қыдыров, Төлеген Айбергенов туралы естелiктерде Шерхан Мұртаза, Әбiш Кекiлбайұлы, Қадыр Мырза Әлi, Тұманбай Молдағалиев, Нәсiреддин Серәлиев туралы мақалаларда творчестволық тұлғалардың өнер кеңiстiгiндегi қадамдары мен амалдары талданады.

Көп оқылғандар