Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қаралы көш
Қаралы көш
Рейтинг: 2.98
ISBN:
978-601-280-082-1
Беттер саны:
404
Жанр:
Қаралы көш

Жер шарындағы ең ұзақ көштің бұйдасын ұстаған қазақтардың Алтайдан басталған көш керуені Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткені, одан бүгінгі Еуропа қазақтарын қалыптастырғаны бәрімізге аян. Десе де, осы көштің қалай басталғаны, оның қан­дай қанды жолдарды басып өткені жайында аса көп біле бермейміз. Ендеше, қолыңыздағы «Қаралы көш» кітабы сол тарихи шындықтың терең қатпарына үңіліп, тағдыр тауқыметіне ұшыраған қазақ халқының қанды көші туралы көркем шежіре шертеді. Әсіресе, көш тізгінін ұстаған Елісхан Әліпұлының басынан кешкен трагедиялы тарихы кімді болса да бей-жай қалдырмай, оқырманын сан қилы оқиғалармен қызықтырып отырады.

Кітапқа үңілген әрқандай жанның жазушының өз кітабы жайында: «Осы кітапты тебіренбей оқыған адамның қазақтығына күмәнім бар» дегеніне еріксіз иланып, көзіне жас алатындығына шүбә жоқ. 

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар