Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақ биі
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-209-189-2
Беттер саны:
320
Жанр:
Қазақ биі
«Қазақ биі» фотоальбомы Қазақ КСР-інің халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, елімізде, сондай-ақ шет елдерде де халықтың сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болған тума талант, әйгілі биші Шара Жиенқұлованың
100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Ол қайталанбас және бірегей жанрда өнер көрсетті – әлемнің көптеген тілдерінде бимен сүйемелдей отырып, ән шырқады.
Жеке қордан алынған фотосуреттер тек қазақ биінің ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары билері кезеңдерінің көрнекі шежіресін көз алдыңызға жайып салады.
Атақты биші хореографиялық училищенің директоры болған кезінде онда халық биі бөлімінің негізін қалады.
Бүгінде оның ісін шәкірттері жалғастыруда.
Шара Жиенқұлова – кейінгі ұрпақтар үшін оқу құралдарына айналған «Би құпиясы», «Достар биі», «Сымбат» кітаптарының авторы. Биші Шара салған халықтық дәстүрде құрылып-қалыптасқан «Салтанат», «Гүлдер»
ансамбльдері Қазақ биінің көрнекті жалғастырушылары болып табылады. Олардың өнерінде Шара бастап-негіздеп
кеткен тарихы терең халықтық дәстүр мен мәдениеттің терең тамырлары қазіргі заман талаптарымен сәтті үйлесім тапқан. Фотоальбом қалың оқырман қауымға, би мен балет өнеріне тәнті замандастарымызға арналады.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар