Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Кітаптар
Тербеген теңіз әлдиі
Рейтинг: 0.000
ISBN:
978-601-200-582-0
Беттер саны:
344 бет
Жанр:
Мақала 
Тербеген теңіз әлдиі
Ұсыну

«Тербеген теңіз әлдиі» кітабы

 

Есімі республикаға танымал қаламгер, ақын Есенгелді Сүйіновтың «Тербеген теңіз әлдиі» атты кітабы «Жазушы» баспасынан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдени және өнер саласындағы бәскелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасының «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. Жазушы жаңа кітабында халқымыздың мақтан тұтар аяулы азаматтары, ардақтылары жайында, солардың ұлтымызға, қоғам өміріне ықпалы тиген өнегелі тағдырлары, ғибратты ғұмырлары туралы толғана сыр шертеді. Атап айтқанда, Кенесары хан, ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, Исатайдың серігі Махамбет ақын, Абай, Ыбырай, Шоқан, қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі Мұхамеджан Сералин, алғашқы дәрігер Мұхамеджан Қарабаев, Сырбай Мәуленов, Мұхтар Шаханов, Манаш Қозыбаев, Айман Мұсаходжаева секілді тұлғалар жөнінде жазған шығармалары оқырмандар жүрегіне жол табары анық.

 Қарымды қаламгердің бұл туындысы оқырмандарды Отанды сүюге, туған жерді қадірлеуге және асыл қазынамыз -әдебиет пен өнердің киесін ұғынуға тәрбиелейді. Сондай-ақ автор елім деп туған тұлғалардың аузынан шыққан жылы лебіздерді жұрттың санасына сіңіруге ұмтылып, олардың жан-дүниесін, рухани болмыс-бітімін, биік мұраттарға жету жолындағы қайтпас қайсарлығын, жанкешті жігерін көркем тілмен суреттейді.

 Кітаптың таралымы – 5000 дана, көлемі-21,5 баспа табақ.

 

 

Дәйексөз қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.

Рецензия қосу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.