Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Қасым
Рейтинг:
     М.Әуезовтың "Кінәмшіл бойжеткен" әңгімесінің кейіпкері

«Қасым» - Ғайшаның өз көңлімен ұнатқандай болып қадірлегені съезде көзге көрініп, ерекше шешен, білімді деп аталған бір студент. Бұл суырылған, жалынды жігіт. Қасым трибунаға шығып, лапылдата сөйлейтін, ағын судай көзді алдағыш шапшаңдығынан басқа, жай өмірде де күлдіргі, сүйкімді бозбала. Ғайшаны қадірлеп алдандырып жүретін кісі. Әрқашан мәжіліс арасында, көп ішінде Ғайшаға ерекше ықылас бөлейді, күліп келіп қалжыңдап, әр түрлі жайдан әңгімелеседі. Ғайшаның бұрынғы көріп жүрген жігіттерінің бәрінен Қасым бөлек, олардан бұның атағы да, орны да артық. Оның үстіне, қалжыңшыл, ашық, орамды. Өнерлі қауымның бір ірі адамы сияқты, жас қыздың өз көңлінде қиялы болады. Қасымның бұған жақындаған қалжыңы мен әңгімесі ұзаққа бармайды, өткені оның алмақ болып жүрген қалыңдығы бар болады. Оның үстіне, Ғайша күннен-күн өткен сайын, әншейін жолдастық жүрістен гөрі істі ұлғайтып, Қасымның бауырына кіріп бара жатқан сияқтанды. Бұл Ғайшаның еркекке ең алғашқы рет өзі жабысып көрген жігіт еді. Аздан соң Қасым өз бетімен кетеді.

Көп оқылғандар