Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Сексек ата



сексек ата2.jpg


Ешкі пірі Сексек ата шежірелік деректерде Қазығұрт тауының бауырында Тұрбат деген жерде жерленген Исмайыл атаның баласы делінеді. Аңызға көз жүгіртсек: «Ал Шекшек болса ағасының қатыгездігін айтып, ел-жұртына рахымды болуды, қуып жіберген інілерін тауып әкелуді айтқан екен. Ол: «Сен мені құртып, орнымды алғалы жүр екенсің»,- деп жазалап, осы маңдағы иен далаға әкеліп тастапты. Қорлыққа шыдамаған Шекшек талай рет өліп алмақ та болыпты. Ақырында қайратына мініп, есін жиып, етегін түріп, қырат-қыраттың тауешкі асатын жолдарын бекітіп, мың бір жапада қыруар тауешкілерді қолға үйретіп алыпты» – деген деректі байқаймыз.


Адамзат баласы әу баста аңшылық кәсіпті күнкөріс етсе келе-келе малды қолға үйретіп, шаруашылықтың жаңа түрімен айналыса бастайды. Жабайы аңдарды үй жануарларына айналдырып қолға үйрету ісі мезолит, неолит дәуірінен-ақ бастау алғандығы дәлелденген. Яғни, сол кезеңнен бергі мал шаруашылығының өркендеуінің себебін тылсым күштермен, рух-иелермен байланысты деп қарайтын көзқарас осы аталған пірлер образын тудырған. Оларға өлең, қара сөз түрінде жалбарынып, игіліктер тіленген. Әрбір төрт түліктің берер жемісі сол пірлеріне байланысты деп есептелгендігі мынадай өлең жолдарында сақталған.


сексек ата3.jpg


«...Ауыл көшіп қонғанда,

Өрегенін қайтерсің.

Бөрі бақыр келгенде,

Көрегенін қайтерсің.

О бөріні көргенде,

Ысқырғанын қайтерсің.

Құйыршығын бұтына

Қыстырғанын қайтерсің.

Бөрі ала қашқанда,

Бақырғанын қайтерсің.

«Ойбай, ием, кеттім, – деп,

Шақырғанын қайтерсің?!»

Көп оқылғандар