Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Дотан батыр

Дотан батыр - батырлық жыр. Ертегіден өлеңге айналдырған жырдың негізгі идеясы - елін қорғаған ердің батырлығын үлгі-өнеге ету. Жыр мазмұнында ертегілік сюжеттер басым болғанымен қазақ эпосының байырғы тақырыбы - қалмақ басқыншыларына қарсы соғыс та елеулі орын алған. Ысмағұл Шәмсуддинов жырды Қисса-и Дотан Құбақанбай ұғлы уә һәм жалмауыз кемпірдің өлгені деген атпен 1903 жылы Қазан қаласында Университет баспасынан жеке кітап етіп шығарған. Бұл кітап екінші рет 1915 жылы сол қалада Мағриф баспасынан жарық көрді. 

Жырдың басқа нұсқалары да бар. Кітаби нұсқаның көлемі 1900 жолдан тұрса, 1940 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалына Мәлім Жүсіпов тапсырған жыр нұсқасы 1150 жолдан, 1941 жылы жазушы Аманғали Сегізбаев тапсырған нұсқа 1950 жолдан тұрады. Жырдың ақын Нұралы Нысанбайұлы шығарған нұсқасы да бар. Бұл нұсқаны жыршы Қысраубек Амантайұлы ел аузынан жазып алып, 1948 жылы Тіл және әдебиет институтына тапсырған. Жыр нұсқаларының мазмұны мен сюжеті бір-біріне ұқсас, кітаби нұсқасында ғана аздаған эпизодтық айырмашылық бар. 

Көп оқылғандар