Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ермек батыр

'Ермек батыр - жыр. Еңлік пен Кебектен қалған бала Ермектің ер жеткен соң ата-анасының кегін қалай алғаны жайлы халық қиялынан туған оқиғаға құрылған. Бірнеше нұсқасы бар. Жырдың барлық нұсқаларының мазмұны ұқсас, кіріспе бөлімі, көбінесе батырлық жырлардағыдай, Ермектің балалармен ойнап жүріп, тентектік жасаумен, ата-анасының зұлымдықпен өлтірілгендігі жайлы естіп, кек алуға аттанғандығымен басталады да, жас батырдың әке-шешесін өлтірген жақты қырғынға ұшыратып, дастан соңында батыр мақсатына жетеді. Ермек бұл жерде ата-ана кегін алу үшін ғана күрес жүргізеді. 

Дастанда негізгі сюжетгік желі - ру таласынан туған зұлымдық әшкереленуге құрылған. Жыр нұсқалары Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қоры мен Әдебиет және өнер ин-ты қол-жазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.

Көп оқылғандар