Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кейіпкерлер
Ж
Жетіген батыр
Жетіген батыр

"Жетіген Батыр" - дастан. Халық ақыны Есдәулет Қандеков жырлаған дастан оқиғасы махаббат тақырыбына құрылған, онда адамның қартайса да армансыз болмайтындығы баяндалады. Дастан әрі батыр, әрі бай Жетіген қарттың жас кезінде басынан өткен ғашықтық дерті туралы сыр шертеді. Жас Жетіген батырдың қалмақ ханының қызы Шырын сұлуға махаббатын бас кейіпкер өзі әңгімелейді. 

Оқиға сюжетінің кейбір тұстары ертегідегідей елес беріп, дастан соңы қайғылы аяқталған. 1939 жылы Есдәулет ақынның айтуынан жазып алынған бұл дастан бұрын еш жерде жарияланбаған. Жыр нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең және 7-8 буынды жыр үлгісіне құрылған, кей тұстарында қара сөзбен түсінік беріліп отырады. Қолжазбасы Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы. 

Көп оқылғандар