Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кейіпкерлер
Ж
Жеті басты жалмауыз
Жеті басты жалмауыз

Жеті басты жалмауыз - мифтік сананың негізінде туып, көптеген халықтардың фольклорында айтылатын өте көне бейненің бірі. Қай халықтың ертегісінде болмасын Жеті басты жалмауыз адамзаттың жауы, дүниедегі зүлымдықтың өкілі ретінде бейнеленеді. Қазақ фольклорында да Жеті басты жалмауыз көп жағдайда айдаһар, кейде жалмауыз кемпір бейнесінде суреттеледі. Батыр кейіпкердің Ж. б. ж-бен шайқасуы барлық елдің ертегілерінде бар.

 

Жеті басты жалмауыз кейбір ертегілердің сюжетінде қаланың немесе ауылдың жанында пайда болып, сол елден бірнеше қой мен бір қызды салыққа алып жеп отырады деп суреттеледі. Елді одан құтқару тек елден ерекше шыққан батырдың қолынан келетіні айтылып, халық фольклорында сол батыр арқылы дүлей күшті жеңу идеясын білдіреді.

Көп оқылғандар