Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мырқы батыр
Рейтинг:

“Мырқы батыр” – батырлық дастан. Ақын, шежіреші Әшім Нұрлыбайұлы (188-1964) ел аузындағы аңыз-әңгімелерге, тарихи деректерге сүйеніп жазған дастан Жетісу өлкесіне қолжазба күйінде кеңінен тараған. Дастанда Алатау баурайы м ен Жетісу өңіріндегі Мырқы батыр бастаған қазақ, қырғызбатырларының жоңғар қалмақтарына қарсы азаттық соғысы мен ерлік істері көркем баяндалады. Кіріспесі мен соңғы сөзін қосқанда 19 тарауға бөлінген көлемді туынды нұсқасы толық, 11 буынды қара өлең мен жыр үлгісі араласып келеді. Әшім ақынның өз қолымен жазып, 1959 жылы тапсырған қолжазбасы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы. 1949 жылы Әшім ақынның өз айтуымен талдықорғандық К.Ниятбаев жазып алған “Мырқы мен Шораның қиссасы” деп аталатын жыр мазмұны “Мырқы батыр” дастанымен бірдей, қара өлең және жыр үлгісімен айтылады. Кейбір жеке сөйлем, өлең шумақтарында ғана айырмашылытар бар. Бұл нұсқада Әшім Нұрлыбайұлы шығармалары сақталған Әдебиет және өнер институтының Қарағанды фольклор экспедициясынан фольклортанушы-ғалым Б.Адамбаев жинап тапсырған Бөрі деген ақынның “Төрт батыр қиссасы” және 1967 жылы Қ.Есжановтың жинап тапсырған “Төрт батыр” атты нұсқалары бар. 

Көп оқылғандар