Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды...
Жүсіпбек Аймауытұлы
Басты бет
Жанрлар
Дидактикалық әдебиет
Дидактикалық әдебиет

Дидактикалық әдебиет - әдеби жанр. Ғылыми, философиялық, моральдық, діни идеяларды және уағыз, ғибрат ойларды білдіретін шығармалар. Онда көркем сурет пен бейнөлөуден гөрі байлам, пікір, тұжырым, өсиет, уағыз, насихат басым болады. Дидактикалық көркем сөзде мақал-мөтелдің, ақыл-нақылдардың, ертегі-эпостың әсері күшті. Қазақ өдебиетіндө Абайдың «Қарасөздері» мен поэмалары шығыстық дидактикалық шығармалардың дәстүрлі жалғасы болып табылады. Қазақ әдебиетінің өзіңдік даму ерекшелігіне байланысты дидактикалық өсиөт-насихатқа құрылған шығармалар жазған сөз зергерлерін «ағартушы ақын- жазушылар» деп атау дәстүрі қалыптасты. Әуезов «халықтық-ағартушылық бағыттағы ақындар дидак-тикалық дәстүрді өзінің шығармашылық мұраты ретінде ұстанғандығын және сол дидактикалық жанрда еңбек еткен жазушы-ақындардың өзі тақырыпты таңдауы мен игеру тұрғысынан алғанда бірнеше салаға бөлінетіндігін өзінің «Абайдың өмірі һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар», «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты алғашқы ғылыми-зерттеу мақалаларынан бастап, «Әдебиет тарихы», «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» (1959) монографиялық кітаптарында жан-жақты талдайды. А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев, Ш. Құдайбердиев, Е.Өтетілеуов өлеңдерін осы дидактикалық жанрға жатқызған. Мысалы,

«Ахмет өлеңдерін ақыңдық еркі билеп, қиял ермегі айдап шығармайды. Ойды оятуға, миды сергітуге, мұңлы мұхтаж, терең мақсат түртіп шығарады. Біресе ызамен зекіп айтып, біресе зарланып шермен айтып, біресе ақыл қылып сипат айтып, не қылса да халықтың көзін ашпақ. Өлеңінде толғанған ой, толқыған шердің көп ізі бар, бірақ бұған қарап қиялы шалқып, шарықтап кетпейді. Ылғи халықтың нәзіктенбеген сезімімен, жетілмеген ұғымымен есептесіп отырады»

деп (50 томдық шығармалар жинағы, 1997, 1-т., 94-бет) баға береді. Сол ағартушылық-ақылмандық дәстүрді Абайдың одан әрі тереңдете дамытқанын саралайды. «Абайтану» дәрісінде сол пікірлерді дамытып, «Отыз жетінші сөздегі» мақал-мәтелдерді Абайдың афоризмі деп қарауға болар еді («Абайтану дәрістері», 1994, 101-бет) деген түйінін айтады. Жаппы апғанда, Әуезов өзінің зерттеу пікірлеріңде орыстың «Дидактика басталған жерден көркем шығарма аяқталады» деген қанатты сөзін ұстын ретінде ұстанатыны анық байқапады. Абайдың ағартушыпық-ақылмандық көзқарасын саралағанда да Әуезов халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сөз өзіне бөлек, бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шыңдықпен аралас үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындардыһ көбінде кездесетін әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызық сюжетті поэмаға сынмен қарайтынын, оны өзі жазудан тартынатынын, дидактикалық-ағартушылық жанрды көркем әдебиеттің жанрларынан бөліп қарайтынын баяндайды. Алайда жоғары оқу орындары мен мектеп оқушыларына арнап құрастырған хрестоматиялар мен жинақтарда Әуезовтің өзі де дидактикалық-ағартушылық тәсілді қолданып, адамгершілік, үлгілі тәрбие туралы пікірлер мен педагогикалық тәлімдік қанатты сөздерді кеңінен пайдаланды. «Абай жолы» роман-эпопеясының 3, 4-кітабыңда Абай бейнесін сомдау тәсілдерінен дидактикалық сарын аңғарылады.