Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Әндер

 Халық әндеріндегі қайсытақырыпты алып қарасаң да, олардың лирикалық ән жанрынан тамыр алып дамығанынкөреміз. Лирикалық әннің адам басынан өткен бар болмыстың куәгері ретіндемән-мазмұны жағынан қамтитын тақырып аумағы мол. Әдет-ғұрыптық әндерден бастап,еңбек әндері, тарихи әндер, батырлық әндер, ғашықтық әндер және басқалар. Әнтақырыптарының өзі қазақ халқының басынан өткізген алуан түрлі оқиғалардыңжиынтығы – онда ертегі де, тарих та, аңыз да бар. Ол жиынтық - ғасырлар бойындақоғамда орын алған бейбіт заман мен жаугершілік кезеңдердің суреттері, тұрмыспен сананың, саясат пен шаруашылықтың бейнесі еді.


«Әрбір ән-күй тарихтыңәрбір кезеңін анық көрсетеді, тайға таңба басқандай бейнелеп береді. Сондықтанда ән-күйді халықтың басынан өткен кезеңдерді суреттейтін тарихи дерек десекқателеспейміз», - деп, көрнекті музыка зерттеушісі А.Қ. Жұбанов айтқандай,тарихи тақырыптар қазақтың әні мен күйлерінде молынан кескінделген.


ХІІІ ғасырдағы моңғолшапқыншылықтары, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар жаушыларының қазақ халқынажасаған қандық жорықтары ұлтымыздың «ұшарын жел біліп, қонарын сай білетін»заманға душар етті. Осындай ауыр кезеңде туған әндердің бірі – «Елім-ай» депаталады. Бұл ән қазақ халқының еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімінбілдіріп қана қоймай, сондай-ақ ел басына түскен ауыр қайғы-қасіреттің үнінбейнелейді.

Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған жаман екен,

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді, -

деп, айтылатын ән мәтіні жүздеген жылдар бойы түрлі өзгерістерге ұшырап, әрқилы нұсқаларға ие болса да, бәрібір сол халықтың басынан кешірген ауыртпалығы,қорлық пен зорлық бейнесі ән әуені арқылы күшейе, күңірене түседі.


Қазақ халқы тарихындағыосындай қайғылы-қасіретті оқиғалар көрінісі белгісіз замандастардың әндері менкүйлерінің үнінен көркем бейнесін тапты. Олардың қатарында «Көкмоншақ», «Қалмаққызының әні», «Жетіарал жерім-ай», «Елім-ай», «Әй, әй бөпем», «Туған жер»,Алтай», «Жетім қыз Күнайлым» тағы басқа әндердің жазбаларын атасақ тажеткілікті. Бұлар – бар болғаны ғасырлар қырқасының қилы кезеңіндегі небіртарихи оқиғалардың кескіні көрінген ғаламат музыка айнасының болар-болмассынығындай болғанымен, сол азғантай дүниенің өзін көптей көріп, бағалайбілуіміз біздің міндет.


Халық музыкасында Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттыққозғалысы да өзіне лайықты көрінісін тапқан. Исатайдың майдандас серігі болғанМахамбет Өтемісұлының жалынды жырлары таптық шиеленісі, ханға деген өшпенділікотын түтете түсті:


Алтын тақты хандардың

Хандығынан не пайда,

Қаріп пенен кесірге

Тұрарлық іс болмаса, -

деп ұрандайды ақын.

Махамбеттің поэзиялықшығармашылықтары жеткілікті түрде жиналып, зерттелген десек те, музыкалықмұрасы кейінгі кездерде ғана табылып, жариялана бастағаны белгілі.

Қазақстанда ерекше бір серпінмен басталып, кең өрісалған1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезі еді. Патша өкіметінің 1916 жылғы 25маусымдағы «бұратана халықтарды қара жұмысқа алу» сияқты жарлығы қазақдаласында жаппай ұлт-азаттық көтерілістің пайда болуына әкеліп соқты. ЖетісудеБекболат Әшекеев, Торғайда Амангелді Иманов, бастаған халық қозғалысы көптегенөлең, жырлардың, әндердің тууына себеп болды.

Жасым бар жиырмада, жылым тауық,

Солдатқа ала ма деп бар ғой қауіп, -

деп келетін жігіттердің аузынан естілетін әндер дүниеге келіп жатты.

«Құты қашқан патшаның», «Көтеріліс», «Ұмтыл қазақ»,«Амангелді сарбаздарының әні», «Амангелді маршы», тағы басқа әндер дүниегекелді. Осы көтерілістің куәгері Кенен Әзірбаев көтеріліс көсемдерінің бірі ӘлиНұрғожаевқа арнап «Әли батыр», «Қайран елім қайда?» дейтін ән, поэмаларыншығарды. Бұл кездегі әндердің белгілі бір кезең оқиғасын бейнелейтін мазмұнынақарай олардың әуендік-интонациялық құрылымында да өзіндік өзгешеліктерсезіледі.


Музыкалық фольклордың күрделі бір бөлігін құрайтын тарихитақырыптағы мән-маңызы салмақты ән,күйлер дүниеге осылайша келді. Бұлардың біреулерінің авторлары халықшығармашылығының кәсіби қайраткерлері болса, ал енді біреулерінің авторларыбелгісіз болғанымен, ең маңыздысы - қазақ халқы өмірінің өткендегі тарихыболмысы іздерінің музыка мәдениетінде өшпес ескерткіш ретінде сақталып қалуынаөлшеусіз үлес қосқандарында деп ойлаймыз.


Көркем Аблаева

Көп оқылғандар