Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Абай Құнанбаев
Мысал

Е-Кітапхана

Мысал - өмірді шыншылдықпен суретгеуге, әр түрлі топтар өкілдерінің мінезін, іс-әрекетін дәл көрсетіп, сатиралық бейнелер жасауға сөз өнерінде мысал жанрынан аскан көркемдік құрал жок. Ортақ сюжетке жазыла берер мысал жанрының типологиялық дәстүрі бар.Мысал арқылы өміріден алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал етуге болады. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан тұрмысқа ет-жақын суреттер ұласа келеді. Әртүрлі аңдар, әртүрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара тұжырым жасалады. Адамдардың мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды мысао арқылы суреттеуге болады. Мысал. Абайдың мысал өлеңдері И. А. Крылов шығармаларынан аударма деп саналып жүр. Алайда осы өлеңдерді талдап, бағалағанда бір жайды толық ескерту қажет. Олар толық мағынасында аударма емес, көбіне белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай орысша мысалдың тексін дәлме-дәл тәржімалауды мақсат етпеген, негізінен оқиға желісін сақтай отырып, мысалдағы жай-жағдайларды қазақөміріне, уғым-тұсінігіне, ойлау, сейлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге үмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сәйкестігі түрғысынан қарап, ана жері дәлтұскен, мынажері дәлемес, кемтұскендеудің ешбір қисыны жоқ. Дәл шыққан тұсын артықшылығы, басқаша келтірілгенжерін кемшілігі деп қараудың мүлде орынсыз екеніне әсіресе назар аударамыз. Кейде қазақша баяндау, бейнелеу орысша текстегі сөздердің айтылу қалпына үқсас шыққанда үтымды болса, ал кейде қазақша сөйлеу, ойлау ерекшелігіне орай басқаша берілгенде келісті, оралымды болатыны - кім де болсын санаспай түра алмайтын бұлтартпас шындық. Мүның өзі ақынның қолын байлайтын, шеберлігіне шек қоятынжағдай емес, көрісінше, ойдың, сөздің оралымын өзінше келтіріп, тыңжаңа өрнек табуына мүмкіндік беретін жағдай деп тұсінген жөн. Абайдың Мысал өлеңдерінің ішінде кейбір аудармаларға жатқызуға болатыны да көздессе, дені еркін тәржімаланғандықтан, белғілі сюжеттің сарынымен жазылған деугелайық болып келеді. Айталық, «Жарлы бай» атты мысал өлеңінде Абай оқиға желісін еркін баяндап, соңында: Алтын қайда, сөз қайда? Қу нәпсіден не пайда? - дегенді өз жанынан қосады. Сондай-ақ «Шегіртке мен қумырсқа» атты өлеңіндегі: Мен өзіңдей шаруашыл, Жумсақ илеу уйлі ме?. - деген сөздер, сондай-ақ, шегірткеніңқумырсқаға барған қалпын: Селкіддеп келіп жығылды. Аяғына бас ұра... - дегендей суреттеме орысша нұсқада жоқ. Абай құмырсқаның еңбекқорлығын, шегірткенің қамсыздығын көзге айқын елестетерліктей белгілермен үстемелей тұскен. Осы өлеңдегі: «Қайтсін, қолы тимепті», «Өлеңші, әншіесілер!..»-деген Абайдың өзі қосарлап келтірген сөздері де нағыз қазақша сөйлеу нақышындағы әдемі кекесіннің үлгісі деп санауғалайық. Әдейі аянышсезімін, жаны ашығанды білдіргендей етіп, көрісінше айтылған нағыз ирония, келемеждеудің келісті, еткіртұрі. Кейде Мысалда баяндауы, айтуы ұқсас болса да, содан қорытынды шығарып, тұйіндеу әрқалай келеді. Айталық, «Қарға мен бүркіт» атты мысалда Крылов үлкенүры қүтылып, кіші үрытұтылады, қолғатұседі деген түйінжасайды. Бүркіт тіүрыдеу үғымға үйлесе қоймайды. Сондықтан болар, Абай ол жағын сөз қылмай, тек қарғаның әліне қарамай қайрат етуге үмтылғанын әжуалап: Азат басың болсын құл, Қоддан келмес іске ұмтыл! - деп тұжырымдайды. Тағы бір көңіл аударарлық нәрсе - Мысал дегеннің өзін жанрлық түрі жағынан шарттылығы басым қалыптасқан, өзгермейтін, ескі сюжетке негізделетін, ойды аңқүстың, жануар-жәндіктің іс-әрекеті арқылы тұспалдап қана білдіретін, белгілі бір шындықты уағыздап айтуға бейім тұратын шығарма деп қарау жиі кездеседі. Осындай тұсінік өлеңнің өзгешелігін, поэзиялық қасиетін жете тұсінбеуге әкеліп соғады. Ал шынында Мысалдағы шарттылық, тұспалдап айту тәсілін, белгілі сюжетті, әртүрлітұспалбейнөлерді қолдану - муның бәрі тек сыртқы сипат-белгілер. Мысалдың артықшылығы алдымен олардың поэзиялық қуат-күшінен, тұспал бейнөлер арқылы сан алуан адамдардың мінез-қүлқын; іс-әрекетін аңдатып, айқынкөзгеелестетіп. Cолар қылы қоғамдық өмірдің шындығын, қайшылықтарын терең ашып бере алатын мол мүмкіндігінен іздесек керек. Көркем шығармада мәселе не айтылғандығында ғана емес, сонымен бірге қапай айтылғандығында, қандай әсер ететіндігін дедесек, осыны әсіресе Мысал өлеңге, яғни өмірлік шындық пен көркемдік шарттылықты шебер сабақтастырып, ұштастырып келтіретін жанрға байланыстыра айтуымыз керек. Мысалдағы ойды тура, ашық айтпай, ақтара салмай, тұспалдап, алыстан орап, орағытыпай тудың өзартық шылығы бар екені сөзсіз. Оқушы букпелеп айтылған жайды, астарлы мағынаны өз ойымен бағдарлап, өзінше аңғарып, үғып-тұсінуге мәжбүр болады. Бұл одан тапқырлықты, сөздің астарына үңілебілудің, айтылып отырған нәрсені де, ишарат етіп, тұспалмен аңғартылған нәрсені де айқын елестете білуге қабілеттілікті талап етеді, ойына түрткі болып, сөзіміне әсер береді. Сонымен қатар Мысалда сан алуан жан-жануар, аң-құстарды, жәндіктердііс-әрекет үстінде бейнелеу, тілдестіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю және осы орайда жасанды, жаттанды ақылгейлікке әуестенбей, терең мағыналы қоғамдықой қорыту үлкен ақындық шеберлікті, талғампаздықты танытады. Абайдың мысал өлеңдерінен осындай қасиеттердің, әсіресе ақынның әзілдеуге, мысқалдап келемеждеуге, сықақетуге шеберлігін айқын байқаймыз. Кейде Мысалда тілге тиек болатын шынында да әлде қандай бір ғажайып жай кездеседі. «Жарлы бай» атты өлеңдегі түбінен қанша алсаң да, ділдә бірінен кейін бірі шыға беретін дорбаның кедейдің қолына келіп тұсуі - бұл, әрине, арғы түбі ескі ертек, аңыздармен жалғасатын сюжет. Ал кейде Мысалдағы оқиғаның өзі мейлінше қарапайым, күнделікті өмірде көздесетін жай боп шығады. Айталық, «Қазаға үрынған қара шекпен» дейтін өлендегі қораға ұры тұскенін айту ешкім таң қалатындай нәрсе емес. Өлеңнің түйіні басқада, барынан бір сәтте айрылып жүрдай болып қалғана дамға ағайындары келіп әр тұрлі ақыл-кеңес беріп, желдей есіп «бейшара», «байғүс» деп жарылқаған болады. «Бақа мен өғіз» атты мысалда егіздей бола аламын деп ісініп, көбініп іші жарылған бақаның ессіз мақтаншақтықтың қүрбаны болғаны баяндалады. Мұндай шартты тұрде әдейі әсірелеп айтушылық Мысал жанрында жиі көздесетін уйреншікті жай, сондықтан оны табиғи құбылыс деп санап, осы оқиғаға қандай мағына беріліп айтылғанына көбірек кеңіл қою орынды секілді. Крылов осы мысалдың сюжетінен әр түрлі қоғамдық топтардың екілдері бірдей бола алмайды деген нақтылы түжырым жасап, қатардағы жай адам атақты адамдай, ақ сүйектей бола алмайды дептүйіндеген. Ал Абай алған тақырыбына жалпы моральдық тұрғыдан келіп, іш тарлықты, басқа біреуді кереалмай, күндеуді, қалайда соған жетем дейтін мінезді сынауды жен көрген. Осыған орай ол мысалды: «Таласпа, жаным-ай, Қолыңнан келмесе. Боларсың бақадай, Көп тұссең егеске», - деген ғибрат сөзбен аяқтайды. Және Крыловша бірден оқиғаны баяңдаудан бастамай, кіріспе ретінде жанынан сөз қосарлап, былай дейді: «Қарасаң, дым-ақ көп, Кере алмас іші тар. Несі артық бізден деп, Салыспақ жұртта бар...» «Есек пен бұлбұл» атты мысал өлеңін Абай есекті сипаттаудан бастаған: «Тойған есек шепті оттап маңайдағы, Соныркап шатқа кетті қай-кайдағы. Қаңғырып елкені ерлеп келе жатып, Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы...» Орысша тексте мұндай кіріспе жоқ, есек бұлбұлды көздестірді делінеді де, бірден оған айтқан есектің сөзі келтіріледі. Абайдың өлеңді бастауынан есектің қарны тойып, кеңіл деніп, ерігіп кележатқандықтан, тоғайдағы бұлбұлды көріп, соған ән салғызып, өзінше сынап көрмекші болғанын аңғарамыз. Есектің бұлбұлмен ұшырасуы көздей соқтық болса да, оған тіл қатып, бір ән салып жіберші деп тілек айтуы кеңіл-күйіне үйлес сезіледі. Ал есектің сыншыл болып шыға келуі, бұлбұлға (Абай «ақын бұлбұл» дейді) сын айтуы әбден қисынды. Бұл топас, ақымақ, өнерден мақрұм адамның басқаны сынағыш болатыны наңғарту жағынанұтымды. Ал бұлбұлдың аңыратып, шырқап ән салғанын суреттеғен тұста Абай Крыловтан айтарлықтай алшақ тамайды. Есектің бұлбұл әнін тыңдап алып, «сен біраз әтеш әнін, үйрен!» деп, өзінше білғішсіп ақыл бергенсігендей болғаны орысша текстегідей әсерлі, тартымды көрсетілген. Өлеңнің аяғын Крылов: «Избави, бог, и нас от таких судей», - деп қысқа кайырса, Абай осы түжырымды тірек ете отырып, істің мәнісін тұсінбейтін, шынайы өнерді бағалай алмайтын топас сыншы сымақты келеме деп: Демеймін мені мақтасын, Я жақсын, я жақпасын. Сүйтсе де мұндай сыншыдан. Құдайым бізді сақтасын - деп, ойын нақыл сөз ұлгісінде өрбітіп, мысалды бір шумақ өлеңмен қорытындылай туйіндейді. Абай Мысалдары - оның ақындық әлеміндегі ерекше бір бағалы сала.