Бүгінгі туған күн иесі
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!
Абай Құнанбаев
Водевиль

Е-Кітапхана

Водевиль -  (фр. vaudeville - Вир өзеннің аңғары, онда 15 ғасырда водевир халық әндері шыққан) - әдетте, тамақпен, өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл-оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары Водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде Водевиль 18 ғ-да қалыптасып, кейін бүкіл Еуропаға тарады. Водевильдің ерекшелігі - адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ-дың басында кең тарады. Оның дамуы А.И. Писарев, АС. Грибоедов, А.П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Байқожаев т.б-дың Водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал.