Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ


Шығыс Түркістанның Іле облысы Текес Ауданының Тумасы.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің тұлегі боп білім алуда.

Таңжарық (мың жылдан соң айтылар ертек)

Ерте, ерте, ертеде, 

Күнес дейтін өлкеде, 

Жердің беті толып торғын корпеге,

Наурыздан айналғанда бөртеге.

Қырқалардан құлан сауыр,

Таң атқанда жылан бауыр,

Ғаламдағы сұлулыққа өртене, 

Қоғамдағы теңісіздікке дерт еме.

Шапқы бойын жыр- ән қылып,

Жолды отбасын қуандырып, 

Сәби келді өлкеге,

Ал, шүйінші Абыралы, Кер төбе...

 

Алғаш емген таңның нұрын,

Жарығым ау балғын жырым.

Сен айтарсың халық зары,н

Сен айтарсың жардың мұңын,

Деп әкесі ұлын сүйді паңданып,

Бөлек біткен болмысына таңғалып,

Деды сосын:

Сөздеріңнен тұрсын ылғи шам жанып,

Шын адамға зар болып жүр бар халық.

Ұлды болдым айналайын ағайын,

Ат қойайын құтқа толды маңайым,

Азанға орап алақанды жайайын,

Сенің атың Таңжарық! 

Сенің атың Таңжарық! 

Сенің атың Таңжарық! ... 

 

Жайлау үсті қызараңдап күн шықты,

Еркіндікке малынған шақ дүр мықты,

Құлын ұстап қазық қағып жатқанда,

Бие бауда ойламаған шу шықты. 

Сауырынан самал ғана қасыған, 

Айғыр тепті әкесінің басынан. 

Таңжарықтан сонда ғажап жыр шықты,

Бас қалқам, деп тас талқан деп үн шықты.

Менің балам ақын болды деді әке,

Жанарынан жалғыз тамшы ыршытты.

Маңдайынан аққан қандай жосылып,

Көкірегінде үміт, күдік қосылып.

Сал мұңайды ақын болу азаптау, 

Берекесі кеткен мына қазаққа. 

Ел басына екі талай күн туса, 

Ақындарды салады алғаш тозаққа,

Деп әкесі көз салыпты ұзаққа... 

 

Ол есейді күннен күнге толысты,

Көбелектер көзіне өлең боп ұшты.

Жалған дейтін сезіп өсты жалқыны,

Өмір дейтін біліп өсті соғысты.

Құлап жатқан жапыраққа мұңайды,

Жылап тұрған қайғылыға болысты.

Қамыстының үкісімен үлпілдеп,

Өлеңдері Тәңіртаумен тоғысты.

 

Мен халқымды қоссам- ау деп қатарға,

Арман қомдап үміт дейтін атанға. 

Өзін тауып алды ішінен мықтының,

Білім іздеп келді Құлжа шаһарға. 

Нарынқолға бір жұртына оралды,

Жалғыз досы өр намысы бола алды.

Жалғыз найман таңғалдырды нағашын,

Жыры кесек, ойы псық сөзі арлы.

Айтысқанның қабырғасын сыздатты,

Өлеңдерін қимай- қимай күн батты,

Өлеңдерін тыңдай- тыңдай түн жатты.

Ауызынан шыққан сөзді ауадан,

Жел жетелеп, тау сіміріп қыр бақты.

Қырандарда қона қалып қалғыпты,

Бұлбұлдарда тына қалып тыңдапты.

 

Ұлы абаймен идясы сәйкесіп, 

Мағжандарша көкірегін жай кесіп

Әлихан боп ойланыпты сұлтан боп,

Арманының аспанынан ай көшіп.

Алаш рухын сіңіріпті бойына,

Бізді тыныш әлділейді қай бесік,

Мөмын елге бір тыныштық болама?

Деп ойлаумен көкірегінен қайғы есіп.

 

Ол алашты қатты сүйген айыбы, 

Сол айыбы бостандықтан айырды. 

Өлім исы аңқып тұрған түрмеден, 

Жез тырнақты желім құшақ жайылды,

Өн бойынан кеткен жандар обалы,

Ақын қолын қызыл шоққа орады.

Қазағының дертіненде ауырлау,

Дүркін- дүркін дүрелермен соғады,

Жанарына қайыран Іле көлбеңдеп,

Кірпігіне ұйыған қан толады.

Ажал ғана кезіп жүрген абақты,

Таңжарықты іздегендей болады.

Жауларына бас имеді, алаш қой,

Еңсесы оның бұлыттанда жоғары.

 

Жеті жылда тас түрмеден шығыпты,

Қуанғаннан күннің өзі күліпті.

Кезеңіне келгенінде талқының,

Бұкыл ғалам жырға құлақ түріпті.

Еңкейіпті сонда ғана нар тұлға,

Жалғыз мәрте жеріне бас иіпті,

Өскен елдің шалғынына оранып,

Туған жердің топырағын сүйіпті,

Сағыншты жырын айтып халқына,

Батаменен белін буып жүріпті,

Ажал енді саған өкпе айтпаймын,

Ерік бердің ел көрдім деп күліпті.

Үшбуырл боп тасып жыры шайырдың,

Іле болып Қапшағайға сіңіпті.

 

Күнес дейтін өлкеде, 

Ораныпты ақын торғын көрпеге, 

Ондай ақын толғатпапты онан сөң,

Өмірге көп ұл әкелген Кертөбе. 

Қайталанбас ақын бопты осындай,

Ерте- ерте, ерте- ерте, ертеде...

 

Қазақстаным

 

Жер тарпып өскен құлының белді,

Тұлпар ғасырдың дүбіріне ерді.

Шығысқа ағып текес боп кеткен,

Балқаш боп қайта бір ұлың келді.

 

Көп көрдің елім безбен жауырды,

Соқтырған едің сөзбен дауылды.

Алатау сенің аппақ бұлтыңдай,

Мен төгіп алдым көзден жауынды.

 

Далаңды көріп жұмақ па деппін,

Қалаңды көріп жылап та кеттім.

Қазақтық бойдан жойылар сәтте,

Азаттық алып мұратқа жеттің.

 

Көк туың тұрса желбіреп биік,

Ұрпақ жүр ұлтын елжіреп сүйіп.

Алланың саған пейілі түсті- ау,

Беріпті жерін белгілеп қиып.

 

Бермеймін деді ер байрақ   тағымды,

Желтоқсан да жауың сайрап табылды.

Шашынан сүйіреп Лазаттарыңды,

Мұзға орап көмген Қайыраттарыңды.

 

Көшбасщы ұлың Нұрекең сенің,

Қазақтың бағы шың екен дедім.

Абылай әлі бар екен дедім,

Керей,Жәінбек тірі екен дедім.

 

Өтсінші ұлың өр төсін бермей,

Атағың кетсін жер тосын ендей.

Жетпіс жыл бізді желкеден басқан,

Өтейік жаттың желкесін көрмей.

 

Ұрпаққа беріп таза күш дарын,

Көрейік көкке балаң ұшқанын.

Тәуелді боп өт аллаға ғана,

Тәуелсіз менің қазақстаным.

 

Қасқырлар

 

Тіліменен күннің бетін жалайтын,

Түгіменен түннің шашын тарайтын.

Мынау сайқал дүниеге дүбірлі,

Еркіндіктің көзіменен қарайтын

Қасқырлар-ау,қасқырлар-ау, қасқырлар,

Қайсы белде айды тістеп жатсыңдар.

 

О, даламның дара бөтен тағысы,

Түн ұйыған жанарында намысы.

Азу тісін айға қайырап отырып,

Жұлдыздай көп болса дейтін табысым.

Түн пердесін жыртып-жыртып ұлыған,

Сол бір дауыс һам такаппар тұнық ән.

 

Қалың жылқы жусап жатқан бұл бөктер,

Теуіп ашқан жерді шұқып жүр кептер.

Қасқыр келіп араласты әнеки,

Қар бетіне сызып қызыл суреттер.

Қайыран ажал тай бойынан дірілдеп,

Қашып шықты бұлқынды да бір рет.

 

Кәрі қойшы ерік берді күмәнға,

Қара мылтық ажалды аңсап тұр анда.

Тұяқтарын тұман жуып көкжалдың,

Ұзақ-ұзақ ұлысын кеп қыраңда.

Азан даусы сіңіп қалған тау ішін,

Мекіренген қойдың басар даусы.

 

Қойшы көзін сүйеді кеп ұйқы-қыз,

Өтті уақыт, ол уақыт, түлкі қыз.

Самал келіп түртеді сол жігтті,

Самал шытпен жанарыңды сүртіңіз.

Намыстылар бірін-бірі күзетіп,

Таң атырар табанынан сыз өтіп.

 

Өз көзіммен көрсем дейтін өмірді,

Түн көзінен байғұз үні төгілді.

Сенің даусың естілмеді не заман,

Сол заманнан бері адамдар көңілді.

Қайсы белде айды тістеп жатсыңдар,

Қасқырлар-ау, қасқырлар-ау, Қасқырлар.

 

 

 

Көп оқылғандар