Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Аудио
АУДИОПОЭЗИЯ
Асылбек Жаңбырбай
Асылбек Жаңбырбай - adebiportal.kz

Оның жырларындағы ерекшелік – тың тақырыптармен қатар нәзік лириканы шебер суреттеуінде жатыр. Жыр әлемінде танылып келе жатқан ақынның өлеңге деген құштарлығы ерекше. Оның өлеңдер топтамасы «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006ж.), «Жастар жырлайды» (2013ж.), «Маңғыстау мақамдары» (2013ж.) «Жыр маржаны» (2015ж.) жинақтарына енген.

Ер Шотанның 300 жылдығына (2005ж.), Сүйінғара батырдың 250 жылдығына (2006ж.) арналған мүшәйралардың жəне Отпан-Тауда өткен «Қасиетім – Қарашаңырақ» атты ақындар сайысының жүлдегері.

«Каспий – достық теңізі» фестивалінің (2006ж.), «Маңғыстау жұлдыздары» фестивалінің (2008ж.), ХІХ «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің (2016ж.) жеңімпазы.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысы әкімінің «Жас Тұлпар» байқауының (2009ж.) лауреаты. Шымкент қаласында өткен жас қаламгерлердің республикалық II форумына (2009ж.) қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы грант-жүлдесімен марапатталған. «Жансусар» (2008ж.), «Аспан хаттары» (2016ж.) атты жыр кітаптарының авторы.

21.09.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар